Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ашық есік күні
11 қаңтар күні Агротехнологиялық факультетте серпін бағдарламасы аясында "Ашық есік күні" өтті. Түркістан облысынан 50ден астам мектеп бітіруші түлектері қатысты. Кездесу барысында Әбілда А. С., Жұмахан С.Т., Әпсемет Г.Қ. түлектерге университетте оқу ерекшеліктері, Агротехнологиялық факультетте оқытылатын білім бағдарламалары туралы, олардың мүмкіндіктері, екі дипломдық білім алу туралы, шетелде тәжірибе өту, серпін бағдарламасы туралы толық ақпарат ұсынды және түлектердің сұрақтарына жауап берді.
