Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция
2021 жылғы 24 ақпанда "ҚП" кафедрасында қоғам және мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай "Отандық құқықтың алтын қазығы" атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға баяндамашы ретінде СҚО ӘД Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы М.К.Хасанова, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Б.Шаяхметова, т.ғ.к. Ү.Х.Идрисова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универтситеті "Құқықтану" кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.м. Е.Н.Мырзаханов және кафедрамыздың доценті, з.ғ.к. Г.Н.Мұсабаева мен "Құқықтану" мамандығы бойынша 2курс магистранты Сәния Жукенова қатысты.
Кафедра «Правовые дисциплины»
