Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Рухани кездесу!
Қызылжардағы Сəбит Мұқанов атындағы қазақ драма театрының Ə.Əлімжановтың "Ұстаздың оралуы" атты қойылымы 23-қазан күні өнерсүйер қауымға жол тартты. "Foundation" факультетінің тыңдаушылары қойылымды тамашалауға барып, ерекше əсер алып қайтты. Биыл ғұлама, ұстаз Әл- Фарабидің 1150 жылдығына орай сахыналық қойылым көрермендер ықыласына бөленді. Шығыстан шыққан жарқыраған күн іспеттес, барша əлемге ғылымның нұрын шашқан Əл-Фараби өмірі, ғылым, білім жолындағы өшпес ғұмыры жайлы көрерменге ой тастады. Биыл айтулы жыл, себебі Сəбит Мұқановқа 120 жыл, аталмыш театрдың құрылғанына 20 жыл толуда. Театр ұжымын құттықтаймыз!

