"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

Қызылжарда Қолдау Бар_2

Жақында шеттен келген қандастарды қолдау мақсатында 2017 жылы құрылған "Отандастар Қоры" КеАҚ -нан  университетімізге "2019-2020 оқу жылында Дайындық бөлімінде білім алған диаспора өкілдерінің ҚР БжҒМ мемлекеттік білім грантына өтініш беріп, грантқа түсе алмаған талапкерлеріне қолдау көрсету" туралы хаты келіп түскен еді. Қандас жастарды қолдау М.Қозыбаев ат.Солтүстік Қазақстан университетінде алдын-ала қарастырылған. "Foundation" факультетінде білім алып, мемлекеттік білім беру грантына үміткер аталмыш талапкерлердің 92% оқуға түсіп, 3 түлегіміз грант конкурсынан өтпеген еді. Оқуға грантқа түспеген түлектерімізбен де жұмыстар жүргізіліп, бірі Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы гуманитралық колледжге мемлекеттік білім грантымен оқуға түссе, университетімізге өз қалауымен бір түлегіміз ақылы түрде оқимын деп шешті. Үшінші түлегіміз, Қытайдан келген қандасымыз Құмар Айданаға университетіміздің Агротехнология факультетінің жергілікті серіктес, болашақта мамандарды жұмыспен қамтитын ірі кәсіпорындарының бірі арнайы грант тағайындап, университетте оқуға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні Айдана студент қатарында. Осы тұрғыда әрдайым білім іздеп келген қандас жастарға қолдау білдіретін университет басшылығына, ең жас факультет болса да көптеген мүмкіндіктерге ие Агротехнологиялық факультет әрдайым алдына барған қазақ баласына тура жол көрсететін аталмыш факультет деканы Шаяхметова Алтын Сейдахметқызына алғыс білдіреміз!  

 

29.03.2021