"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.

Д.И.Менделеев

«Академиялық ұтқырлық» дөңгелек үстелі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан қ.) арасындағы ынтымақтастық аясында Агротехнологиялық факультетінде онлайн режимінде «Академиялық ұтқырлық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде студенттердің академиялық ұтқырлығын талқылауға арналған. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, әлемнің әртүрлі елдерінде оқу процестері мен оқыту стильдері қалай ерекшеленетіні, студенттердің қоғамдағы орны туралы айтып берді. Дөңгелек үстел соңында ЖОО өкілдері ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары мен перспективаларын талқылады. 

Кафедра ақ
22.04.2021