Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
«СҚУ 100 үздік білім алушылары» байқауы
2021 жылғы 3 мамыр мен 25 мамыр аралығында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің "Рухани жаңғыру" әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институты жыл сайынғы "СҚУ 100 үздік білім алушысы" конкурсын өткізеді (онлайн іріктеу).
Конкурсқа қатысуға университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық, спорттық және мәдени өмірінде жоғары жетістіктері бар күндізгі оқу нысанының 1-4 курс студенттері шақырылады.
Конкурсқа қатысу және өтінім беру үшін көрсетілген мерзімде өтінімді қоса берілген нысан бойынша ресімдеу және ruhani_zhangyru_skgu@mail.ru электрондық мекенжайға жолдау қажет.
Ең жоғары рейтинг жинаған қатысушы (кәсіби құзыреттерді, жеке және кәсіби жетістіктерді бағалау балдарының сомасы) арнайы сертификат алады және оның веб-портфолиосы СҚУ сайтында орналастырылады.
