"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Құтып
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Академиялық адалдық лигасы

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Академиялық адалдық лигасының құрамына 2018 жылдың 7 қарашасында Академиялық адалдық лигасы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен қабылданды. 2018 ж. 28 тамызда құрылған Академиялық адалдық лигасы Қазақстан жоғары оқу орындарының ерікті бірлестігі болып табылады.

2023 жылы лигада 17 ЖОО бар. Лиганың негізгі мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын жүзеге асыру және жылжыту арқылы білім сапасын арттыру болып табылады.

Лиганың миссиясы - академиялық адалдықтың он негізгі қағидаттарын алға жылжыту және іске асыру арқылы елдегі білім беру сапасын жақсарту және арттыру болып табылады.

Лиганың құндылықтары: адалдық, жауапкершілік және транспаренттілік. Лига институционалдық ортаны, яғни ішкі органдарды құру, Академиялық адалдық және көпвекторлы ынтымақтастық стандарттарын қалыптастыру арқылы өз мақсаттарын жүзеге асырады.

Лига кеңесі Академиялық адалдық стандарттарын әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта Кеңес студенттердің оқу нәтижелерін бағалау, Лиганың жалпы критерийлері негізінде Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін лигамен ұсынылатын журналдарды бағалау, жоғары оқу орындарының мониторингі және мониторинг процедурасы бойынша және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру бойынша стандарттар әзірледі.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да Академиялық адалдық лигасының қағидаларын жүзеге асыру

Нормативтік база: 

  1. М. Қозыбаев атындағы СҚУ Академиялық саясаты студенттерге бағытталған оқытуды жүзеге асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған білім беру қызметін жоспарлау және басқару және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесін білдіреді.
  2. М. Қозыбаев атындағы СҚУ Академиялық адалдық ережелері. 2019 жылы Лиганың ұсыныстарына сәйкес жаңа бөлімдер енгізілген ережелердің жаңа редакциясы әзірленіп, қолданысқа енгізілді.
  3. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да 2020-2021 оқу жылына арналған Академиялық адалдық принциптерін іске асыру обйынша кешенді іс-шаралар жоспары.

Академиялық адалдық лигасының әлеуметтік аккаунттары:

Ресми сайты:  adaldyq.kz  

  @adaldyq_ligasy

 Akademiialyq Adaldyq Ligasy