Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Мәңгілік ел - менің елім!

Алғыс айту күнін тойлау соңында 28.02.2025 жылғы ОЗК-дағы медицина факультеті «Мәңгілік ел - менің елім!» квестін ұйымдастырды, Квестке фа әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
МФ: Check out - Өзіңізді тексеріңіз!

28.02.2025 жылы № 2 ҚК-де Алғыс айту күніне орайластырылған «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары В.Н.Мальвенов, М.И.Әлиева және 7 әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
ТжӘИ: Облыстық олимпиада

27 ақпан күні Тіл және әдебиет институының ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада мақсаты– Тілдік пәндерге деген қызығушылықтарын әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-тегі Алғыс айту күні

2025 жылдың 28 ақпанында Тарих, экономика және құқық факультетінде Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті. Деканның тәрбие работе жөніндегі орынба әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
FEDT: Ақпан айында Ашық есік күндері инженерлік және цифрлық Факультет!

Kozybayev University-де Ашық есік күндері өте белсенді өтуде! Оқушылар конкурстарға белсенді қатысады, заманауи жабдықтары бар факультеттердің жаңа зе әрі қарай оқу

27 ақпан 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-те қаржылық сауаттылық бойынша дәріс және семинар өтті

2025 жылғы 24 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде қаржылық сауаттылық мәселелеріне арналған іс-шаралар өтті. Қонақ дәріскер ретінде Қарж әрі қарай оқу

26 ақпан 2025
МФ: «Харви» манекеніндегі олимпиаданың екінші туры

Оқу зертханалық корпусда медицина факультеті Олимпиаданың екінші туры Харви манекенінде өтті. Харви манекені кардиологиялық пациентті физикалық тексер әрі қарай оқу

21 ақпан 2025
МФ: Шекарасыз алғыс

  20.02.2025 жылы «Клиникалық пәндер» кафедрасында Қазақстандағы Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Шекарасыз алғыс әрі қарай оқу

20 ақпан 2025
МФ: «Future medicine» клиникалық пәндер бойынша олимпиада

07.02 бастап 14.02 бойынша медицина факультетінде «Future medicine» клиникалық пәндер бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі м әрі қарай оқу

14 ақпан 2025
МФ: Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат

Медицина факультетінің Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Іргелі медицина» кафедрасының меңгерушісі Берденов Д.К, жә әрі қарай оқу

13 ақпан 2025
Барлығын оқу

Қысқаша мәлімет

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті - Қазақстан Республикасының 85 жылдық тарихы бар алғашқы жоғары оқу орындарының бірі.

Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы Министрліктер кабинетінің 1994 жылғы 2 маусымдағы № 584 жарлығымен өз тарихын 1937 жылдан бастаған К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 25 мамырдағы №315 бұйрығымен "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" ШЖҚ-дағы РМК "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Қоғамның мемлекеттік тіркелген күні 2020 жылғы 1 шілде.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру қызметімен айналысу үшін 2020 жылғы 22 шілдедегі №KZ47LAA00018464 лицензия берген.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ институционалдық аккредиттеуден (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен берілген 2022 жылғы 17 маусым №АА0159/1 куәлік).

Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Қоғам қызметінің негізгі түрлері:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет, ғылыми-зерттеу жұмыстары;

2) білім алушыларды тамақпен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

3) жұмыскерлерді тамақпен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, спорттық және шығармашылық секциялар құру;

7) Білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбие және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз етуге арналған баспа және полиграфиялық қызмет болып табылады;

8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және оларға қатысу;

9) білім алушыларды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлау;

10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, Технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалық конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құру;

12) Білім және ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, байқаудан өткізуге және енгізуге қатысу;

13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;

14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысу;

15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, қаржыландыру, сондай-ақ Білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу болып табылады.

Бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу күні 2020 жылғы 28 шілде. Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2020 жылғы 28 шілдедегі №KZ91VGZ00000303.

Қоғамның жарияланған акцияларының саны - 5 304 588 (бес миллион үш жүз төрт мың бес жүз сексен сегіз) дана жай акция.

Жалғыз құрылтайшы төлейтін Қоғамның Жарғылық капиталы- 5 304 588 000 (бес миллиард үш жүз төрт миллион бес жүз сексен сегіз мың) теңге.

Қоғамның бір акциясының номиналдық құны-1000 (бір мың) теңге.

 2020 жылы меншікті капиталдың мөлшері-5 678 191 мың теңге.

 Активтердің мөлшері 2020 жылы-6 098 213 мың теңге.

 Таза табыс-267 949,0 мың теңге.

 Қызметкерлер саны – 1184,25 бірлік.