Мемлекет басшысының 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» жарлығына сәйкес республика аумағында қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылуына орай, өтініштерді қабылдаудың форматына өзгерістер енгізілді.
15 сәуірден жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері http://ent2020.testcenter.kz сайты арқылы ҰБТ-ға онлайн режимде өтініш (тіркеуден өткеннен кейін мүмкін болады) бере алады.
Тіркеуден өту кезінде түсуші өзі оқитын орта білім беру ұйымын дұрыс көрсетуі тиіс, себебі мектеп пен ҰБТӨП өзара байланыстырылған және мәліметтер Орталықпен тексеріледі. Толық нұсқаулық http://ent2020.testcenter.kz сайтында жүктелген.
Жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты жоқ түсушілер ағымдағы жылы 15 сәуірден бастап өтінішті дәстүрлі әдіспен ҰБТ өткізу пункті арқылы өтініш беру үшін келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған (ҰБТӨП-те беріледі);
2) 3 x 4 көлемдегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғалар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.
4) қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын тапсырады.
Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері мен ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде ағымдағы жылы қабылданған тұлғалар үшін, сонымен қатар халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға өтініш ағымдағы жылғы 15 сәуірден басталады. Ол үшін аталған тұлғалар ағымдағы жылғы 15 сәуірден бастап http://ent2020.testcenter.kz сайты арқылы ҰБТ-ға міндетті түрде алдын ала өтініш (тіркеуден өткеннен кейін мүмкін болады) береді. Аталған интерфейсте түсуші өзінің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуі тиіс.
Тестілеу бағасы – 2242 теңге.
ҰБТ-ға қатысу үшін түсуші ЖОО-ға келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш (ЖОО-да беріледі);
2) 3 x 4 көлемдегі екі фотосурет;
3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
Ескерту:
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама береді.
- Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ күнтізбелік жылғы бітірушілер аттестат немесе дипломның орнына еркін түрдегі нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын және осы анықтаманың нотариалды куәландырылған қазақша немесе орысша аудармасын тапсыра алады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
5) электронды нысандағы 086-У нысандағы медициналық анықтаманы тапсырады.
Бұл ретте, ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған тұлғалар 086-У нысандағы медициналық анықтама мен аттестат (диплом) тапсырмайды.
Подробнее http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=1602