Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Независимая экзаменация

Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу

28 мамыр 2025
МФ: Медицина факультетіндегі жұмыс кездесуі: жедел медициналық көмек мәселелерін талқылау

Медицина факультетінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері Юрий Анатольевич Белоног пен медицина әрі қарай оқу

26 мамыр 2025
МФ: Встреча руководителей медицинского факультета и института судебных экспертиз: обсуждены шаги к стратегическому сотрудничеству

23 мамырда медицина факультетінің директоры Бахтияр Серікұлы мен сот сараптамасы институтының директоры Еркебұлан Еркенұлы Мұқановтың кездесуі өтті. Т әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: “Отандық және әлемдік әдебиетті оқу арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2025 жылғы 22 мамырда С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тілдік даярлық кафедрасы және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан ун әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: Ғылми-практикалық конференциясы

М. Қозыбаев атыындағы СҚУ, Тіл және әдебиет институтында 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тілдер мен әдебиеттерді зерттеудің теориялық және әдіснамалық әрі қарай оқу

21 мамыр 2025
МФ: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен жұмыс кездесуі

СҚУ КЕАҚ медицина факультеті директорының жұмыс кездесуі өтті. М. Қозыбаева Б. Серік Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармас әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
МФ: профориентационная встреча с участием представителей Управления государственного надзора г. Петропавловска и Отбасы банка

14 мамырда медицина факультетінде Петропавл қаласы Мемлекеттік қадағалау басқармасы мен Отбасы банкі өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдарлау кездесуі әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
ПФ: ТҮЛЕКТЕРМЕН КОНКУРСТЫҚ КЕЗДЕСУ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ ПФ педагогика және психология кафедрасы 3-ші жыл қатарынан «Trigger психолога-profi» облыстық конкурсын өткізуде. әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: "Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар" ХҒТК-сының шетелдік секциясы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогика факультетінде Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің (Екатеринбург қ.) серікт әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Ғылым декадасы аясындағы марапаттарҚазақстан Республикасында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, университе әрі қарай оқу

11 сәуір 2025
Барлығын оқу

Корпоративтік оқиғалар (2021 жыл)


2021 жылғы 15 желтоқсан

Директорлар кеңесінің 15.12.2021 ж. шешімімен (№13 хаттама)  2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ 2020 жылғы Даму жоспарының  іске асырылуын бағалау бекітілді.  2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  2020 жылғы Даму жоспарының іске асырылуын бағалау қанағаттанарлық деп саналсын. 

Директорлар кеңесінің 15.12.2021 ж. шешімімен (№13 хаттама) 2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  Даму бағдарламасы мен Стратегиялық даму жоспарына өзгерістер енгізілді. 

Директорлар кеңесінің 15.12.2021 ж. шешімімен (№13 хаттама) 2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  Даму жоспарына нақтылаулар бекітілді (2021 жылғы бөлігінде, сәйкест. 14-960340000702-2020-009). 

Директорлар кеңесінің 15.12.2021 ж. шешімімен (№13 хаттама) 2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  Даму жоспарына нақтылаулар бекітілді (2022 жылғы бөлігінде, сәйкест. 14-960340000702-2020-010).


2021 жылғы 15 қазан

17.08.2021 жылғы «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (№9 хаттама) «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымына Тұрғалеева Ақмарал Тұрғайбекқызы сайланды. 


 2021 жылғы 1 қазан

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 1.10.2021 жылғы шешіміне сәйкес (№9 хаттама) Қоғамның ұйымдық құрылымына өзгерістер бекітілді:

- Медицинаның жоғары мектебі Медицина факультеті болып өзгертілді;

- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі құрылды және оның функционалдық бағынысына келесі құрылымдар берілді: Тіл және әдебиет институты, Педагогика факультеті және Тарих, экономика және құқық факультеті;

- Технология және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебі құрылды және оның функционалдық бағынысына мынадай құрылымдар берілді: Медицина факультеті, Агротехнологиялық факультеті, Инженерия және сандық технологиялар факультеті, Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті.


2021 жылғы 17 тамыз

 «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 17.08.2021 ж. шешіміне сәйкес (№9 хаттама) Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды.


2021 жылғы 17 тамыз

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 17.08.2021 ж.шешіміне (№9 хаттама) сәйкес «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Инновациялар, интернационалдандыру және трансформация мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымына Мектепбаева Дамель Кайыргельдыевна сайланды.


2021 жылғы 9 тамыз

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 09 тамыздағы №393 бұйрығымен «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысына толықтырулар енгізілді:

Жарғының 4-бөлімінің 24-тармағы келесі редакцияда 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) жеке меншікті жалға беру және басқару».


2021 жылғы 2 тамыз

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 02 тамыздағы №114 бұйрығымен «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымына Рената Сеитовна Апергенова тағайындалды.


2021 жылғы 27 шілде

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 23.07.2021 жылғы Директорлар Кеңесінің шешіміне (№8 Хаттама) сәйкес, келесі Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жарияланды:

  • Инновациялар, интернационализация және трансформация мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесіне.

2021 жылғы 16 шілде

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №346 бұйрығымен «Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы Корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық 16.07.2021 г. № 346


2021 жылғы 9 шілде

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы № 328 бұйрығымен «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Директорлар кеңесінің құрамынан:

  1. Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі
  2. Кәрімова Гүлмира Райынбекқызы - Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы.
  3. Сұрағанова Айнагүл Ағыбайқызы - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Директорлар Кеңесінің құрамына сайланды:

  1. Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
  2. Еркебұлан Сағатұлы Боранбаев – қоғам қайраткері, Тәуелсіз директор.
  3. Джарасова Гүлжан Сағидуллақызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.
  4. Смағұлов Дидар Нұркенұлы – қоғам қайраткері.

2021 жылғы шілде 

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 22.06.2021 жылғы Директорлар Кеңесінің шешіміне (№6 Хаттама) сәйкес, келесі Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жарияланды:

  • Басқарма Төрағасының – Ректорының орынбасарына;
  • Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесіне.

2021 жылғы 14 маусым

Директорлар кеңесінің 14.06.2021 ж. шешімімен (№5 хаттама) «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 2020-2025 жылдарға арналған 2020 жылғы Стратегиялық даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді.


2021 жылғы 14 маусым

Директорлар кеңесінің 14.06.2021 жылғы шешіміне сәйкес (№5 хаттама) Директорлар кеңесінің төрағасы қайта сайланды. «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып Директорлар кеңесінің қазіргі құрамына Жалғыз акционер өзгерістер енгізгенге дейінгі мерзімге Анатолий Афанасьевич Башмаков сайланды.


2021 жылғы 3 маусым 

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің (Жалғыз акционер) 2021 жылғы 03 мамырда қабылданған шешімі №269 бұйрығы туралы хабарлайды:

  1. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бүдан әрі - Қоғам) 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есебі бекітілсін.
  2. Қоғамның 267 949 085,39 теңге (Екі жүз алпыс жеті миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың сексен бес теңге отыз тоғыз тиын) мөлшеріндегі 2020 жылғы таза табысы Қоғамның иелігінде қалдырылсын.
  3. 2020 жыл ішінде жалғыз акционердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне өтініштері түспегені айқындалсын.


2021 жылғы 24 мамыр 

Директорлар кеңесінің 24.05.2021 ж. шешімімен (№4 хаттама) «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есебі алдын ала бекітілді және өткен қаржы жылындағы таза табысты бөлу бойынша ұсыныстар енгізілді.


2021 жылғы 23 сәуір

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 20.04.2021 жылғы Директорлар Кеңесінің шешіміне (№3 Шешім) сәйкес, келесі Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жарияланды:


2021 жылғы 19 сәуір

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.04.2021 жылғы № 171 бұйрығымен коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы корпоративтік басқару Кодексі бекітілді.

2021 жылғы 19 наурыз

Директорлар кеңесінің 19.03.2021 ж. шешімімен (№2 хаттама) Ішкі аудит қызметі құрылды, басшысы болып Даурия Бейімбетқызы Бұғасова тағайындалды.


2021 жылғы 11 наурыз 

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ  иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі (жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 30.03.2021 жылғы  «Аудиторлық ұйымды анықтау туралы» №130 бұйрығымен «Азия KZT аудиторлық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталды.


2021 жылғы 18 ақпан

 Білім және ғылым министрінің ҚР 2021 жылғы 18 ақпандағы № 64 бұйрығымен «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына Ерлан Нұрлыбекұлы Шұланов енгізілді.


2021 жылғы 8 ақпан

Білім және ғылым министрінің ҚР 2021 жылғы 5 ақпандағы №14 бұйрығымен «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына Ерлан Нұрлыбекұлы Шұланов тағайындалды.


 

2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ