5В010500 Дефектология

Педагогикалық факультеті"Педагогика және психология" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: Арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен арнайы мектептердегі (зиятында, естуінде, көруінде, тірек – қимыл қозғалысында, психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған) түзету, оқыту, тәрбиелеу процесі болып табылады және т.б.

Кәсіби қызмет нысандары: мемелекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мекемелері; арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер; оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; ПМПК; ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау; ғылыми – зерттеу ұйымдары бола алады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық (дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түрлі әдістемелерін тандау және іске асыру);
  • басқару-өндірістік (әдіскер-дефектолог, арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелердің басқарушы);
  • жобалық (жалпы білім беру бағдарламаларын арнайы білім беретін мекемелердің нақты типіне бейімдеу; дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларға оқыту- тәрбиелеу және түзете - дамыту көмек көрсету жоспарларып әзірлеу және жүзеге асыру);
  • ғылыми-зерттеу (мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және түзету процесінің ерекшеліктерін зерттеу); педагогикалық (таңдаған мамандығы бойынша: олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі және әдіскер);
  • диагностикалық-кеңес берушілік (МШ балаларға диагноз кою, олардың ата-аналары мен педагогтарға әдістемелік кеңес беру жұмысын жүргізу);
  • жарнамалық-масихаттаушылық әлеуметтік маңызды идеяларды, дәстүрлерді қолдау, дамыту және жалғастыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жарнамаларын ұйымдастыру; әлеуметтіқ жауапкершілік, қоғамға қызмет көрсету идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау болып табылады.

Кәсіби қызмет мазмұны: Дефектология мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің мазмұны - әр түрлі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды толығынан әлеуметтендіруге, қоғамға кіргізуге, тұлғалық дамытуға бағытталған коррекциялық-педагогикалық іс-әрекетін жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,«Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау туралы» заңдарын, БҰҰ баланың құкығы туралы конвенциясын, Қазакстан Республикасының әлеуметтік саясатының негіздерін; педагогиканың, этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері және ұғымдары.

Учебные результаты 5В010500 Дефектология