5В010600 Музыкалық білім

Педагогикалық факультетіСаз пәндері кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В010600 «Сазды білім беру» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы:  Оқушылардың сазды білімі.

Кәсіби қызметтің пәні: Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры үшін кәсіптік қызметтің пәні-жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы және т.б.) сыныптан тыс музыкалық-тәрбиелік, ұйымдастырушылық-насихаттау жұмыстары болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-басқару: музыка пәнінен дәріс беру процесінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; білім алушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс музыкалық тәрбие және музыкалық үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру; түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдер мен балалар арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқу-технологиялық: тиімді білім беру технологияларын қолдану, оқушылармен музыкалық көркемдік жұмыстарды жүргізуде сынып жетекшісі, ұйымдастырушы, ағартушы, насихаттаушы қызметтерін атқару;;
  • жобалау; Музыка пәніне жылдық күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлай білу, республикадағы саяси-қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық-көркемдік жұмыстарды ұйымдастырудың жақын арадағы және болшақтағы жоспарларын ұйымдастыру; жыл сайын біліктілікті арттырудың жеке жоспарын жобалау болып табылады.
  • әдістемелік және эксприменттік-зерттеу: қазіргі таңдағы ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана отырып, өзінің педагогикалық қызметін ғылыми негізде ұйымдастыру; жылына бір рет оқушылардың музыкалық даму деңгейінің өлшемін бақылау және айқындап отыру, қойылған білім мен тәрбие міндеттеріне қарай педагогикалық экспримент жүргізу; өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесі жөнінде баспасөз және педагогикалық қауым алдында хабарлама жасау;
  • Білімдік: музыка сабақтарын және сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылауға алу.

 Кәсіби қызмет мазмұны:

Педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім берудің маңыздылығы, барлық білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін - өзі ашуына және өзі - өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау, педагогикалық қызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, музыкалық білім берудің қазіргі талаптары және объективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау болып табылады.

5В010600 «Сазды білім беру» мамандығының оқұ нәтижелері 

5В010600 «Сазды білім беру» мамандығының үлгілік оқұ жоспары, 2013 ж.