5В011200 Химия

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті"Химия және химиялық технология" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В011200 «Химия» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: химия ғылымы, химиялық өнеркәсіп және химиялық білім беру саласы.

Кәсіби қызмет обьектілері: жалпы орта білім, кәсіби-техникалық білім, орта кәсіби білім беретін мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар мектептен тыс ұйымдар мен қосымша білім беретін және тәрбиелеу ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • диагностикалық;
  • білім беру (педагогикалық);
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • бағдарлаушы-болжаушы;
  • ақпараттық-түсіндірушілік;
  • коммуникативтік-ынталандырушы;
  • аналитикалық-бағалаушы;

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • сабақ, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды өткізу;
  • көрнекілік тәжірибелерді даярлау және өткізу;
  • үлгерімнің ағымдық, аралық және қорытынды бақылауын өткізу және оларға тапсырма жинақтау;
  • барлық деңгейдегі химия пәнінен олимпиада мен ғылыми байқауларды ұйымдастыру және өткізу;
  • факультативтік сабақтарды өткізу;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік емес обьектілерде оқу экскурсияларын өткізу;
  • химия пәні бойынша үйірмелерді ұйымдастыру және өткізу;
  • ғылыми-педагогикалық ақпарат іздестіру;
  • қосымша білім беру жүйесінде сабақ өткізу.

Учебные результаты 5В011200 Химия