2025 жылғы 28 тамызда 2 корпустың конференц-залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған маңызды іс-шара өтті. Дөңгелек үстел әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Жақсы білімнің белгісі - ең жоғары пәндер туралы қарапайым сөздермен түсіндіру
Факультеттер жаңалықтары
2025 жылғы 30 маусымда Тарих, экономика және құқық факультетінде осы оқу жылында факультет кеңесінің қорытынды отырысы өткізілді. Кеңесте факультет жұ әрі қарай оқу
2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті әрі қарай оқу
«Экономика» ББ түлегі Айкенов Тамерланды жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз! 2025 жылдың сәуірінде Тамерлан Марракештің 2025 параолимпиадал әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шаран әрі қарай оқу
28 - 30 мамыр 2025ж. бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті Қоғамдық денсаулық және гигиена орталығының (Үндістан), Мидланд (Зимб әрі қарай оқу
2025 жылғы 19 мамыр Агротехнологиялық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары дәнді дақылдарды селекциялау бойынша ғылыми-тәжі әрі қарай оқу
Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу – жастарды ғылыми қызметке тарту және біздің факультеттің ғылыми әлеуетін дамытудың тағы бір ынталандыр әрі қарай оқу
Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу
Әшімов Оңдасын Бәйкенұлы
ӘШІМОВ Оңдасын Бәйкенұлы Техника ғылымдарының докторы, профессор |
|
Қысқаша өмірбаяны
1951 жылы 21 наурызда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Зеренді ауылында қызметкердің отбасында дүниеге келді.
1968 жылы күміс алқамен орта мектепті тәмамдаған соң, Қазақ политехникалық институтының энергетикалық факультетіне оқуға түсіп, 1973 жылы «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Инженер-электрик» біліктілігін алып, оны бітірді.
1973-1975 жж. – Қазақ политехникалық институтының тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі.
1975-1978 жж. – Алматы энергетикалық институтының аспиранты.
1978-1996 жж. – Алматы энергетикалық институтының аға ғылыми қызметкері, аға оқытушысы, лаборатория меңгерушісі, доценті, профессоры, бірінші проректоры.
1996-2000 жж. – Қазақ Ұлтттық техникалық университетінің бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры.
2000-2002 жж. – ҚР БҒМ Жоғары аттестаттау комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары, одан кейін ҚР БҒМ Жоғары аттестаттау комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2002-2016 жж. - М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры.
1978 жылы 05.17.11 – Баяу балқитын және силикат металл емес материалдар технологиясы мамандығы бойынша Киев политехникалық институтының диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертацияны қорғады.
1985 жылы КСРО ЖАК-та «Аға ғылыми қызметкер» ғылыми дәрежесінде аттестатталды.
1992 жылы 05.09.03 – Электротехникалық кешендер және жүйелер, соның ішінде оларды басқару және реттеу және 05.09.10 – Электротехнология мамандықтары бойынша Мәскеу энергетикалық институтының диссертациялық кеңесінде докторлық диссертацияны қорғады. Қазақстанда «Электротехнология» мамандығы бойынша тұңғыш ғылымдар докторы.
1993 жылы КСРО ЖАК-та «Профессор» ғылыми дәрежесінде аттестатталды.
1995 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
2000 жылы Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының академигі болып
сайланды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды.
2009 жылы Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды.
2011 жылы Еуразия Халықаралық экономикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды.
Жұбайы – Әшімова Ботакөз Балғайқызы, құқықтану магистрі. Қызы – Әшімова Айгерім Оңдасынқызы, ұлы – Әшімов Әділ Оңдасынұлы.
Марапаттары:
- «Парасат» ордені, 2015 ж.
- «Достық» екінші дәрежелі ордені, 2006 ж.
- А. Байтұрсынов атындағы медаль, 2003 ж.
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттары (2001, 2005, 2011, 2012, 2015 жж.).
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі, 2005 ж.
- «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі, 2008 ж.
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2011 ж.
- «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2013 ж.
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2015 ж.
- «Тың және тыңайған жерлерді игеруіне 60 жыл» естелік медалі, 2014 ж.
- «Михаил Васильевич Ломоносовқа 300 жыл» естелік медалі, 2015 ж.
- «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2002 ж.
- «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлестері үшін» төсбелгісі, 2006 ж.
- Сократ атындағы халықаралық марапаты («Sokrates International Award») - қазiргi қоғамның зияткерлік дамуына жеке басының қосқан үлесі үшін - Оксфорд (Ұлыбритания), маусым, 2006 ж.
- «Бірыңғай Еуропа» («The United Europe») халықаралық марапаты – еуропалық интеграцияның дамуына жеке басының қосқан үлесі үшін - Оксфорд (Ұлыбритания), қыркүйек, 2006 ж.
- «Халықаралық Инженерия Педагогі» халықаралық атағы, Таллин (Эстония), қыркүйек, 2006 ж.
- «21 ғасырдың 2000 атақты зияткерлері» дипломы – қазіргі заманғы білім мен ғылым саласындағы жеке жетістіктері үшін, Кембридж (Ұлыбритания), 2008 ж.
- Инженерлік педагогика халықаралық қоғамның нақты мүшесі (ING PAED IGIP)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиядалық Комитетінің құрмет белгісі, 2012 ж.
- Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының ғылым мен экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін құрмет белгісі, 2012 ж.
- «Сібір аграрлық ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін» академик И.И.Синягин атындағы медалі, 2012 ж.
- «Академик А.И.Бараевтың туғанына 100 жыл» естелік медалі, 2012 ж.
- В.И.Вернадскийдің күміс құрмет медалі, 2013 ж.
- «Қазақстан Даңқы» ордені, 2013 ж.