5В080100 Агрономия

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетіАуыл шаруашылығы кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В080100 «Агрономия» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығының бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: ауыл шаруашылық өндірісінің әр түрлі салалары.

Кәсіби қызмет обьектілері: акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, шаруа қожалығы, жеке меншiк, жеке, ұжымдық шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы бағытындағы әр түрлi фирмалар және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • егіншілік шаруашылығындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;
  • өндiрiстiк-технологиялық қызмет, өсiмдiк шаруашылығында және басқа жұмыстарда ауыл шаруашылық дақылдарын тиімді технология немесе қорды үнемдеу бойынша өсiруге және басқа да шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты;
  • қаржылық-шаруашылық қызметі (өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен байланысты қаржы және еңбек қорларын есептеу);
  • консультациялық қызмет, өсімдік шаруашылығы саласындағы мамандар және жұмысшылармен агрономиялық есепке алуды және консультация жүргізуге байланысты;
  • тәрбиелік қызмет.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн таяу араға және келешекке болжау;
  • ауыл шаруашылық дақылдары зиянкестерi және ауруларының таралуы мен дамуын болжау және ескерту, карантиндiк қызмет көрсету;
  • еңбекті қорғау және тiршiлiк қауiпсiздiгiн сақтау;
  • қоршаған ортаны қорғау.