5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетіАуыл шаруашылығы кафедрасы

Академиялық дәрежесі: «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: орман шаруашылығы, орман шаруашылығын құруда, коммерциялық орманшылықта, елді мекендерді көгалдандыруда, қорғаныш орман алқаптарын өсіруде, орман өсімдіктерін күтіп-баптауда қолдануға болады.

Кәсіби қызмет обьектілері: объектісі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, ұлттық және табиғи ормандары, саябақтар, қорықтар, орман шаруашылығын құратын кәсіпорындар, көгалдандыру ұйымдары, питомниктер.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқару;
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру.

Кәсіби қызмет мазмұны: орманды өрттерден, заңсыз кесуден, зиянкестер мен аурулардан сақтауды қамтамасыз ету, орман қорларын тиімді пайдалану, орманды күту, қалпына келтіру және қорғаныш орман өсіру бойынша орман шаруашылық шараларын жүргізу.

Учебные результаты 5В080700 Лесные ресурсы и лесоводство