"Қазақстан Халқы Ассамблеясы" кафедрасы

«Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары» виртуалды көрмесі

«Қазақстан этностарының музыкалық мұрасы» кафедрасының фонотекасы

Конкурстар мұрағаты

Кафедра жаңалықтары

Негізгі мақсаттар мен міндеттер


Кафедра қызметінің негізгі мақсаты университеттің оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен мекемелеріне этноконфессиялық қатынастар мәселелері бойынша консультациялық қызмет болып табылады.

Кафедра қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

 

  • Қазақстан Республикасы негіз қалаушы құжаттарын жүзеге асыру аясындағы этносаясат мәселелері бойынша университет қызметіне ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Этносаралық келісім және конфессияаралық толеранттылық негізіндегі қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және бәсекеге қабілетті ұлтты арқау ете отырып қазақстандық патриотизм және Қазақстан халқының рухани-мәдени ортақтығы мәселелері бойынша университеттің профессорлық-оқытушылар құрамынан және жұртшылық өкілдерінің ішінен ғылыми-әдістемелік бірлестіктің қызметін ұйымдастыру.
  • Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына (бұдан әрі – СҚҚХА) СҚҚХА Хатшылығының, СҚҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобының, Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс нысандарын және мазмұнын жетілдіру жөнінде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
  • Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен әдістемелік орталық ретінде, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының осыған ұқсас кафедраларымен және ҚР жоғары оқу орындарының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының Ассоциациясы қызметі шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасының азаматтық бірізділік пен бірлікті қалыптастыру жөніндегі, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары негізгі құжаттарының аясында студент жастардың арасында тәрбие жұмысын жүргізу.
  • Ғылыми әзірлемелерді дәріптеу және қазақстандық және шетелдік ғалымдардың этносаяси зерттеулер саласындағы ғылыми жетістіктері туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, СҚҚХА, университет, ұйымдастыру және оқу-сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық және тәрбиелік іс-шаралардың, бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету арқылы кафедра қызметін кең жұртшылыққа хабардар ету.

 

Құрылым


Гривенная Людмила Александровна

Меңгеруші

 +7 (7152) 494074, ішкі 1255
 114а/2
angel-mila2009@mail.ru

Кадырменова Айымгуль Сакеновна

Маман

 +7 (7152) 494074, ішкі 1255
 114а/2