ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы Солтүстік Қазақстан облысының мұражайларына арналған көрме үшін материалдар жинағын ұйымдастырды.
Аталған іс-шара "Менің елім" азаматтық бірегейлікті нығайтуға және "Қазақстан энциклопедиясы" жалпыұлттық интернет-жобасының бір бөлігі ретінде Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары туралы жалпылама ақпарат беруге бағытталған.
Көрменің міндеттері:
- Солтүстік Қазақстан облысының мәдени-тарихи мұрасын зерделеу және сақтау;
- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ПОҚ мен студенттерін Солтүстік Қазақстан облысы мұражайларының тарихи-өлкетану және мәдени-ағарту жұмыстары, көрнекті жерлестерінің өмірі мен қызметімен танысу туралы хабардар ету;
- облыс тұрғындары мен қонақтарын мұражайлар туралы Петропавл және СҚО қалаларының экскурсиялық-туристік объектілері ретінде хабардар ету;
- ішкі туризмді дамыту, халықты Петропавл қаласы мен СҚО мұражайларына баруға тарту;
- студент жастардың бойында Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне қатыстылық сезімін, патриотизм, азаматтық сезімін және өз елінің тарихы мен мәдениетін зерделеу негізінде өзінің біртұтас қазақстандық қауымдастыққа қатыстылығын түсінуді дамыту, СҚО музейлері қорынан алынған материалдарды оқу және ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану саласын кеңейту;
- жастардың өлкетану жұмыстарына қызығушылығын ынталандыру.
Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары:
- С. Мұқановтың мұражай үйі
- Ғ. Мүсіреповтің мұражай үйі
- И. Шуховтың мұражай үйі
- Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы
- М. Жұмабаев атындағы ауданның тарихи-өлкетану мұражайы
- Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы
- Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені
- Бейнелеу өнері мұражайы
- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих мұражайы
- Мағжан Жұмабаев мұражайы
- "Абылай хан резиденциясы" мұражайы
- Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
- Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы