6M070100 Биотехнология

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультеті → Ауыл шаруашылығы кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: түрлі бағыттағы биотехнологиялық өнімдер өндіру, жаңа биотехнологиялық процестер, ауыл шаруашылық өндірісінің түрлі салаларын әзірлеу.

Кәсіби қызметінің нысандары: биотехнологиялық және ауыл шаруашылық бейініндегі ҒЗИ және ЖОО, өндірістік кәсіпорындар, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінің зертханалары, ауыл шаруашылық өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханалары, ботаникалық бақтар мен өсімдіктерді қорғау бекеттері, селекциялық бекеттер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, фермерлік, жеке, ұжымдық шаруалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ғылыми зертханалар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемелері, ауыл шаруашылық бағытындағы фирмалар және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • селекциялық;
  • білім беру (педагогикалық);
  • қаржы-шаруашылық қызметі;
  • консультациялық қызмет.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • өндірістік-технологиялық - биотехнологияның түрлі салаларының өндірістік мекемелерінде қызмет, ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу, еңбекті және басқа да ауыл шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, азық-түлік өнімдерінің негізгі ингредиенттеріне талдау жүргізу, алынған өнімнің сапасын бағалау, оның құрамын анықтау, жаңа технологиялық процестер әзірлеу және енгізу;
  • эксперименталды-зерттеу - ғылыми-зерттеу әзірлемелер дайындау, биотехнология және ауыл шаруашылығының түрлі салаларында ғылыми-ұйымдастырушылық іс орындау;
  • селекциялық - микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар селекциясының ерекшеліктері мен шығыс материалын зерделеу, максималды өнімділікке жету, селекциялық процестің тиімділігін арттыру мақсатында қоршаған орта факторларының микроорганизмдерге, ауыл шаруалышылық өсімдіктері мен жануарларына әсер етуін зерделеу;
  • білім беру (педагогикалық) - жоғары оқу орындарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі басқа да оқу орындарында биотехнолиялық және ауыл шаруашылық пәндерін оқыту, тәрбиелеу қызметін іске асыру;
  • қаржы-шаруашылық қызмет - биотехнология әдістерін енгізу арқылы биотехнологиялық және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен байланысты қаржы және еңбек ресурстарын есептеу;
  • консультациялық қызмет - биотехнология және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мамандармен және жұмысшылармен есеп және консультация жүргізумен байланысты.