6M071200 Машина жасау

Инженерлік және сандық технологиялар факультеті → Көлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәрежесі: бейінді магистратура үшін - техника және технология магистрі, ғылыми және педагогикалық бағыт үшін - техника ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы:

бейінді даярлау бойынша - жобалық-конструкторлық ұйымдар, машина жасау кешенінің кәсіпорындары (өндіріс, әскери-өндірістік индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналдық шаруашылықты қоса алғанда барлық салалар);

ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар, машина жасау кешенінің кәсіпорындары (өндіріс, әскери-өндірістік индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналдық шаруашылықты қоса алғанда барлық салалар).

Кәсіби қызметінің нысандары:

бейінді даярлау бойынша - басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, әскери-өндірістік кешен, өндіру және тұтыну салаларын қоса алғанда барлық меншік үлгісінің мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері.

ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша - мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, әскери-өндірістік кешен, өндіру және тұтыну салаларын қоса алғанда барлық меншік үлгісінің мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

бейінді даярлау бойынша:

  • жобалық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

бейінді даярлау бойынша: өндірістік-технологиялық, жобалық-конструкторлық, эксперименталды-зерттеу, ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық қызметтің, сондай-ақ, заманауи жобалау әдістерін қолдану негізінде машина жасаудың бәсекеге қабілетті өнімін дайындауға бағытталған есептік-жобалық қызметтің құралдарын, әдіс-тәсілдерін жиынтықтау.

ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша: өндірістік-технологиялық, жобалық-конструкторлық, эксперименталды-зерттеу, ұйымдастырушылық-экономикалық, педагогикалық, оқу-әдістемелік, тәрбиелік және басқарушылық қызметтің, сондай-ақ, заманауи жобалау әдістерін қолдану негізінде машина жасаудың бәсекеге қабілетті өнімін дайындауға бағытталған есептік-жобалық қызметтің құралдарын, әдіс-тәсілдерін жиынтықтау.

Учебные результаты 6М071200 Машиностроение