Тұтынушылар мониторингісі жүйесі

Заманауи ЖОО жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде, онда болып жатқан өзгерістер мен жаңарулардың нәтижелілігінің индикаторы болып тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейі табылады. Қабылданған шешімдерді бағалау және білім беру қызметінің сапасын үздіксіз арттыру мақсатында ЖОО-да 2004 жылдан тұтынушылар мониторингі жүйесі әрекет етеді.

Қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ, білім беру қызметін көрсету шарттары мен ресурстарын бағалау үшін университеттің сапа менеджменті қызметімен келесі сауалдама түрлері жүргізіледі:

  • жыл сайынғы түлектердің білім беру қызметі сапасы туралы сауалдамасы;
  • жұмыс берушілердің түлектерді даярлау сапасы туралы сауалнамасы (екі жылда бір рет);
  • жыл сайынғы студенттердің пәндерді оқыту сапасы туралы сауалнамасы;
  • жыл сайынғы ПОҚ оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша сауалнамасы;
  • студенттердің қосымша бағыттар бойынша сауалнамасы (мысалы, студенттік өздік басқару, ЖОО-да оқуға бейімделу мәселелері бойынша және с.с.).

Тұтынушылар мониторингі үдерісінде күтілетін сапаның өзгеруін қамтамасыз ететін және қанағаттануды жүзеге асыратын әлеуметтік әдістер қолданылады: құжаттардың талдауы, білім беру үдерісінің қатысушыларымен сұхбат, көпшілік және эксперттік сауалдамалар, сауалнама.

Сауалнама нәтижелері түзетуші шаралар туралы шешімдер қабылданатын кафедралардың отырыстарында, факультеттердің кеңестерінде қарастырылады.