6D071800 Электр энергетикасы

Академиялық дәрежесі: 6D071800 Электр энергетикасы мамандығы бойынша PhD докторы


Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Кәсіби қызметінің саласы: электр энергетикасы саласында жүйелерді зерттеу, әзірлеу және енгізу; білім беру мекемелеріндегі ғылыми, педагогикалық және басқарушылық қызмет.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми және педагогикалық дайындыққа ие кадрлар даярлау

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • таңдаулы ғылым бағыты бойынша терең теориялық және тәжірибелік дайындау;
  • өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында өздігінен шығармашылық тұрғыда жаңа білім игеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіби мәдениет, кәсіптік тілдесу мәдениетінің жоғары деңгейіне ие, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешуге қабілетті, жоғары оқу орындарында сабақ жүргізе алатын, зерттеу және басқару қызметін табысты іске асыра алатын мамандар даярлау;
  • ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеру.

Доктор:

  • техникалық құралдардың даму деңгейі, ғылыми жетістіктер, халықаралық ғылыми форумдар жайлы хабардар болуы;
  • электр энергетикасының теориялық негіздерін, күрделі электр энергетикасы құралдары мен жүйелерін құру әдістерін, заманауи зерттеу әдістері мен электр энергетикасы саласындағы соңғы жетістіктерді білуі;
  • ғылыми зерттеулердің міндеттерін белгілей, күрделі электр энергетикасы құралдары мен жүйелерін әзірлей және жобалай алуы;
  • электр энергетикасы жүйелері саласында мамандық бойынша кәсіби қызметте білікті болуы тиіс. 

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері;
  • ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар;
  • электр энергиясын өндіру, үлестіру және пайдалану жөніндегі кәсіпорындар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • есептік-жобалық;
  • сервистік-эксплуатациялық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

жобалық және есептік-жобалық қызмет:

  • жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалау мақсаттарын, тиімділік критерийлерін, қолдану шектеулерін анықтау;
  • электр энергиясының құралдары мен жүйелерін концептуалды жобалау;
  • жүйелік инженерия әдіснамасы негізінде электр энергетикасы жүйелерінің құрамдас бөлшектерін жобалауға тапсырмалар дайындау;
  • автоматтандырылған жобалау құралдарын таңдау және тәжірибеге енгізу;
  • жобалық шешімдерді сәйкестендіру және типтеу.

ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:

 

  • әзірлеуші және тапсырыс беруші ұжымдарының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, түрлі пікірлер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау;
  • ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалау кезінде түрлі талаптар (орындау құны, сапасы, мерзімі) арасында мәмілеге келу, оңтайлы шешімдер табу;

 

ғылыми-зерттеу қызметі:

  • зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетел тәжірибесін, ғылыми-техникалық ақпарат жинау, талдау;
  • түрлі саладағы кәсіби қызмет объектілерінің теориялық және эксперименталды модельдерін әзірлеу және зерттеу;
  • объектілердің жұмыс істеу процестерінің сапасын болжау және оңтайландыру, талдау, синтездеу әдістемелерін әзірлеу және зерттеу;
  • автоматтандырылған жобалаудың стандартты пакеттері және зерттеулер негізінде үдерістер мен объектілерді үлгілеу;
  • белгілі әдістеме бойынша эксперимент қою және өткізу, нәтижелерді талдау;
  • эксперимент нәтижелерін талдау, шолу, есептер және ғылыми жарияланымдар әзірлеу және жасау;
  • электр энергетикасы жүйелері мен технологияларының дамуын болжау;

педагогикалық қызмет:

 

  • түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде бағыт пәндері бойынша педагогикалық жұмыс орындау;
  • лабораториялық және зерттеу кешендерін әзірлеу;
  • оқу үдерісін әдістемелік қолдау;

 

сервистік-эксплуатациялық қызмет:

  • қызметкерлер құрамын даярлау және оқыту.

өндірістік-технологиялық қызмет:

  • өндірісте электр энергетикасы жүйелерін жобалау, енгізу және қадағалау үдерістерін авторлық бақылау;

ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет:

  • ұйымдастырушылық құжаттар, технологиялық карталар әзірлеу және оларды оңтайландыру;
  • электр энергетикасы жүйелерінің сапалы жұмыс істеу көрсеткіштерін зерттеу және оларды жетілдіру технологияларын қалыптастыру.