6B06111 Басқарудағы ақпараттық жүйелер (US)

Бакалавриаттың «Информационные системы в управлении (US)» білім беру бағдарламасы.
Бағдарлама IT-технологиялар саласында білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер әзірлеу үдерістерін басқаруға, жобалауды жүзеге асыруға, ақпаратты өңдеудің жоғары тиімді әдістерін енгізуге, ақпараттық жүйелерді жетілдіру мен сүйемелдеуді жүргізуге қабілетті болады. Олар ұйымдық басқару міндеттері мен әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың бизнес-процестерін автоматтандыратын жүйелермен жұмыс істеп, ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға үлес қосады. Бағдарлама заманауи талаптарға сай жоғары білімді маман ретінде практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Жылдам сілтемелер
Артықшылықтары мен ерекшеліктері
- Академиялық алмасу бағдарламасы
- Қосымша білім беру траекториясын (Minor) таңдау мүмкіндігі
- Оқу, өндірістік және дипломалды практикалар
Перспективалар
Бағдарлама түлектері адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда табысты еңбек етеді.
Мамандықтар тізбесі
- ERP-бағдарламашы
- QA-инженер
- Ақпараттық жүйелерді жобалаушы
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы
- Деректер базасын әзірлеуш
- Жүйелік талдаушы
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу маманы
- Қосымшаларды тестілеу маманы
Кәсіби қызмет түрлері:
Оқуға түсу үшін не білу қажет
6B06111 Басқарудағы ақпараттық жүйелер (US) білім беру бағдарламасына қабылдау №600 бұйрықпен (31.10.2018 ж.) бекітілген Үлгілік қабылдау қағидаларына және «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ-ның ішкі қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ҰБТ-ның ең төменгі балы - 50 (әр пән бойынша кемінде 5 балл, ең жоғарысы - 140 балл). Білім беру гранттарына конкурс - жиналған балдарға сәйкес өткізіледі.Оқу грант негізінде және ақылы негізде мүмкін. Шекті деңгейден өтпеген талапкерлер үшін ҰБТ-ны қайта тапсыру - 1-академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
