"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.

Адольф Дистервег
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу
Рысбай Перизат Кайрат кызы 03 қыркүйек 2014
Сұрақ
Салеметсiздерме маган комек берiнiздершi мен дизаинер болу ушiн кандаи пан тандаимын киiм жане элита перде шаш ору дизаинерi болгым келедi.Бунын бары колымнан келедi мактанганым емес бiрак жане алматыдагы кай оку орындары жаксы.
Жауап

Құрметті Перизат!

5В042100 «Дизайн» мамандығы шығармашылық мамандығы болып табылады. Шығармашылық мамандықтарға арызды Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы 20 маусымнан 1 шілде аралығында қабылдайды.

Шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетіндер тек бір ғана шығармашылық мамандықты көрсетеді. Шығармашылық емтихандарды Сіз таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы қабылдайды. Шығармашылық емтихандардың саны екіге тең. Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық емтихан бойынша максималды ұпай – 25. Шығармашылық емтиханда 10-нан кем ұпай алған тұлғалар жоғары оқу орнына қабылданбайды. Шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің екі пәні бойынша ұпайлар есептеледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша.

Өкінішке орай, Алматы қаласының ең үздік жоғары оқу орындары туралы сұрағыңызға жауап бере алмаймыз.