"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тіліңмен жүгірме, Біліммен жүгір.

Мақал
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу
Танрбергенова Лайла Нургалиевна 25 қазан 2013
Сұрақ
Сәлеметсіз бе? Менің қызым журналистика факультетінің 2-ші курсында оқиды. Осы семестр ішінде ағылшын тілі факультетіне ауыстыруға бола ма? Толық ақпарат берсеңіздер. Алдын ала рахмет!
Жауап

Құрметті Лайла!
Сіздің ауыстыру жөніндегі сұраныс білдірген өтінішіңізді қарастырып, төмендегіні хабарлаймыз:
ҚР  үкіметінің  2012 жылғы 19 қаңтардағы  білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелерінің №110, 2 т., 23 т., 25т. бекітілген қаулысына  сәйкес «Оқу жоспары бойынша бакалавриат үшін міндетті компонент  айырмашылығы бес оқу пәнінен аспаған жағдайда, сол курсқа қайта ауыстыру немесе  қайта қабылдау жүзеге асырылады». Сізге 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығына  1 курстың  2 семестріне қысқы емтихан сессиясынан кейін, қысқы демалыс кезеңінде ауысуыңызға болады. 2013-2014 ж.ж. бакалаврды даярлауда оқудың төлем ақысы прейскурантқа сәйкес жылына  370 000 мың. теңгені құрайды.