Non-profit limited company
"Manash Kozybayev
North Kazakhstan university"
larger
Quotation gallery

To know everything is to know nothing.

Proverb
Faculty News
AF: Field Day

On June 26, 2025, a Field Day was held at the production sites of LLP "Service-ZHARS" (Kyzylzhar District, North Kazakhstan Region) on the topic: "Eff читать далее

ILL: Международная научно-практическая конференция, посвященная выдающемуся поэту и национальному интеллектуалу Магжану Жумабаеву

Кафедра «Казахский язык и литература» Института языка и литературы Северо-Казахстанского университета имени М. Козыбаева 19 июня 2025 года проводит Ме читать далее

Читать все
Кушмухаммедова Меруерт Алтынбековна 13 May 2021
Question
Сәлеметсіз бе?2014жылы Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығын пед.колледжде бітірдім,университетке мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша оқуға түсу үшін ент тапсыру керек па?
Answer

Сәлеметсіз бе Меруерт Алтынбековна 

ҰБТ-ға  наурыз, маусым айында (мемлекеттік білім гранттарын тағайындау байқауына қатысу үшін) және тамыз айында (ақылы негізде қабылдау үшін) қатысуға болады.

Өткен жылдардағы мектеп түлектері 5 пән тапсырады: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық, екі бейіндік пән. М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім беру бағдарламалары үшін бейіндік пәндерді мына жерден білуге болады. Шығармашылық мамандықтар үшін Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы, екі шығармашылық емтихан бойынша ұпайлар есептеледі.

Әр пән бойынша кемінде 5 ұпай жинау қажет.

Колледж түлегі толық күндізгі және жеделдетілген күндізгі оқу түріне түсе алады.

Толық күндізгі оқу нысанын таңдаған кезде ҰТ үшін пәндер жиынтығы мектеп бітірушілеріне ұқсас.

Қысқартылған мерзім  бойынша білім алу ұқсас білім беру бағдарламалары бойынша мүмкін болады. Колледж мамандығының туыстық бағытын жоғары білім беру бағдарламаларының ұқсас топтарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сәйкестілік кестесі негізінде анықтауға болады.

ҰБТ тапсыру кезінде тестілеу екі пән бойынша өткізіледі. 25 ұпайдан кем емес, оның ішінде әр пән бойынша 5 ұпайдан кем емес жинау қажет.

Маусымда өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша мемлекеттік білім гранттарын тағайындау байқауына қатысуға өтініш беріледі.

Жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуға болады:

  1. ҰБТ тапсыру нәтижелері бойынша;
  2. қабылдау емтихандарын тапсыру нәтижелері бойынша (ҰБТ тапсырмай).

Қабылдау емтихандарын ЖОО-ның қабылдау комиссиясы өткізеді. Қабылдау емтиханының бағдарламасымен, өткізу жөніндегі нұсқаулықпен мына жерде танысуға болады (сайтқа сілтеме).

Мерзімі - 20 маусымнан 24 тамызға дейін.

Арнайы емтиханды өткізу түрі: тестілеу, ауызша емтихан, жазбаша жұмыс.