Археология – өткенді зерттейтін іргелі ғылымдардың бірі, оның ерекшелігі «үнсіз» табылған заттар мен артефактілерді зерттеу болып табылады, оларды ғалымдар бұдан әрі түсіндіріп, интерпритациялауы қажет. Ежелгі тарихты зерттеуге, әдетте, білімнің түрлі салаларының ғалымдары - антропологтар, геологтар, палеонтологтар, палеоботаниктер, генетиктер, картографтар, геодезистер, химиктер, өнертанушылар, лингвистер және т.б. тартылады. Археология ғасырлар тереңіне көз салып, адамзаттың ерте қалыптасу кезеңіне көз жүгіртіп көруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, археология көп жағдайда шаруашылық жағдайды, саяси құрылымды, мәдени дәстүрлерді дамытудағы ерекшеліктер мен үрдістерді және олардың кейінгі дамуға әсерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Өткенді біле отырып, қазіргі жағдайды түсіндіруге болады. Плешаков Анатолий Андреевич үшін археология - жай ғана мамандық емес, өмір салты. Мектеп кездерінен бастап археолог Г.Б. Зданович бастаған археологиялық үйірменің жұмысына қатысты. Содан К. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтында білім алып, археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан болатын. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін «археологиялық трасология» бағыты бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, түрлі археологиялық экспедицияларға, оның ішінде Ботай қонысында, Байқар қорғаны-ғибадатханасында және т.б. қатысты. А.А. Плешаковтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша археологиялық ескерткіштер жинағы жасалып, жүздеген ғылыми еңбектері жарық көрді.
Қазіргі уақытта оның басшылығымен М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Долматово селосының маңындағы Ақ-Ирий елді мекенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.
Бұл біздің дәуірге дейінгі V ғасырға жататын, дала мен орман тұрғындары арасындағы өзіндік бекініс қызметін атқарған сақ кезеңінің ерте темір дәуіріндегі ең солтүстік қонысы. Ақ-Ирийдің ерте темір дәуіріндегі адамдардың өмірі мен тұрмысын компьютерлік қайта құру негізінде елордалық бағдарламашылар мен веб-дизайнерлер 3D форматтағы виртуалды мұражай құрастырған болатын.
Монологты көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз.