"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

Халықаралық Жер күніне арналған облыстық конкурс – 2026

Халықаралық Жер күнін атап өту аясында «География және экология» кафедрасы Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының мектеп оқушыларын экологиялық бағыттағы облыстық конкурсқа қатысуға шақырады.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 1 наурыз – 12 сәуір
Қорытынды шығару: 2026 жылғы 23 сәуірде Жер күніне арналған салтанатты іс-шарада өтеді.

Конкурсқа 1–11 сынып оқушылары шақырылады.

Конкурс номинациялары:

1–4 сыныптар — табиғи шикізат пен қатты тұрмыстық қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдары байқауы
«Таңғажайып табиғат» / «Қалдықтарға екінші өмір»

5–8 сыныптар — бейнероликтер байқауы
«Туған өлкенің табиғаты мен экологиясы»

9–11 сыныптар — ғылыми жобалар байқауы
«Экологиялық қауіптер және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу»

Конкурс экологиялық мәдениетті дамытуға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға және оқушылардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған.

Облыс мектептерін оқушыларын қолдап, белсенді қатысуға шақырамыз.

Қатысу тәртібі туралы толық ақпарат — Конкурс ережесінде.


10.03.2026 11:00