Басым бағыт: "Мәңгілік ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)
Жоба жетекшісі: Ибраева А.Г., т.ғ.д.
Жобаны орындаушылар: Тайшыбай З.С., ф.ғ.к., Маликова С.З., т.ғ.к., Темирханова А.С., магистр.
Орындау мерзімі: 2018-2020 жж.
Қаржыландыру көлемі: 25 000 000 теңге.
Жобаның мақсаты: қазақ зиялыларының өмірі мен қызметіне байланысты жүйеленген, объективті тарихи көріністі, XX ғасырдың басындағы Қазақстанның солтүстік өңірі мысалында отандық және әлемдік тарихты дамытудағы "Алаш Орда" үкіметінің рөлін ұсыну.
Күтілетін нәтижелер: атқарылған жұмыс Солтүстік Қазақстан мысалында XX ғасыр өкілдері мен "Алаш" қозғалысының жалпы көрінісін айтарлықтай толықтыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқулықтарда және оқу құралдарында ұсынылады. Осы тақырып бойынша жинақталған материалдар негізінде Қазақстан, Ресей мұрағаттарында құжаттар жинағын, библиографиялық сөздік шығару жоспарлануда.
Жобаның сипаттамасы: отандық тарихта осы уақытқа дейін толық зерттелмеген бірқатар проблемалар бар. Алаш қозғалысының проблемасы осыларға жатады, дегенмен бүгінгі таңда жеткілікті зерттеулер саны бар, республиканың солтүстік өңіріндегі Алаш зиялыларының қызметі мен мұрасы аз мәлім болып қалуда. Еліміздің солтүстік облыстарының көптеген мұрағаттық материалдары және РФ жергілікті мұрағаттары зерттелмеген.
Жобаның міндеттері:
- Алаш зиялылар қызметінің әр кезеңін зерттеу, тарихнамалық және деректану базасын талдау;
- Алаш қозғалысының пайда болуының тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын зерделеу;
- Қазақстанның солтүстік өңіріндегі Алаш қозғалысы тарихында жаңа есімдер мен фактілерді анықтау;
- белгіленген кезеңде Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Алаш зиялыларының қызметі мен мұрасына қатысты бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген құпия құжаттарды анықтау.