Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Независимая экзаменация

Медицина факультетінде бітіруші курс студенттерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды. Бұл маңызды және көптен күткен кезең болашақ дәрігерлерд әрі қарай оқу

28 мамыр 2025
МФ: Медицина факультетіндегі жұмыс кездесуі: жедел медициналық көмек мәселелерін талқылау

Медицина факультетінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері Юрий Анатольевич Белоног пен медицина әрі қарай оқу

26 мамыр 2025
МФ: Встреча руководителей медицинского факультета и института судебных экспертиз: обсуждены шаги к стратегическому сотрудничеству

23 мамырда медицина факультетінің директоры Бахтияр Серікұлы мен сот сараптамасы институтының директоры Еркебұлан Еркенұлы Мұқановтың кездесуі өтті. Т әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: “Отандық және әлемдік әдебиетті оқу арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2025 жылғы 22 мамырда С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тілдік даярлық кафедрасы және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан ун әрі қарай оқу

23 мамыр 2025
ТжӘИ: Ғылми-практикалық конференциясы

М. Қозыбаев атыындағы СҚУ, Тіл және әдебиет институтында 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тілдер мен әдебиеттерді зерттеудің теориялық және әдіснамалық әрі қарай оқу

21 мамыр 2025
МФ: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен жұмыс кездесуі

СҚУ КЕАҚ медицина факультеті директорының жұмыс кездесуі өтті. М. Қозыбаева Б. Серік Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармас әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
МФ: профориентационная встреча с участием представителей Управления государственного надзора г. Петропавловска и Отбасы банка

14 мамырда медицина факультетінде Петропавл қаласы Мемлекеттік қадағалау басқармасы мен Отбасы банкі өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдарлау кездесуі әрі қарай оқу

20 мамыр 2025
ПФ: ТҮЛЕКТЕРМЕН КОНКУРСТЫҚ КЕЗДЕСУ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ ПФ педагогика және психология кафедрасы 3-ші жыл қатарынан «Trigger психолога-profi» облыстық конкурсын өткізуде. әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: "Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар" ХҒТК-сының шетелдік секциясы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогика факультетінде Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің (Екатеринбург қ.) серікт әрі қарай оқу

14 сәуір 2025
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Ғылым декадасы аясындағы марапаттарҚазақстан Республикасында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, университе әрі қарай оқу

11 сәуір 2025
Барлығын оқу

Әскери кафедраға түсу ережелері

Әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 наурыздағы № 160 Қаулысы негізінде құрылды.

Әскери кафедра ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 бұйрығымен бекітілген «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлау қағидаларына» сәйкес запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын конкурстық іріктеуді өткізеді.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – ақылы негізде ҚК-нің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігін негізге ала отырып, ҚР ҚМ қабылдау жоспарына, сондай-ақ әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі.

Ақылы негіздегі әскери дайындық үшін оқыту құнын ЖЖОКБҰ айқындайды.

Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын студенттер жіберіледі.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.

Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізеді.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент нысан бойынша өтінішті және конкурстық іріктеуге қатысу үшін  құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады:

  1. Әскери кафедра басшысының атына өтініш;
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  3. 3х4 өлшемді 4 фотосурет;
  4. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  5. Факультетті және мамандығын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама;
  6. Файл (мультифор) – 1 дана.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат және медициналық куәләндіру картасын (7-нысан) береді.

Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

1. Бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту;

Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. 

Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.

2. Екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖОКБҰ-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және ерік-жігері, күйзеліске төзімділік, сыни және қисынды ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

3. Үшінші кезеңдене шынықтыру дайындығын тексеру;

Студенттердің дене шынықтыру дайындығы дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижесімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру жиынтығы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.

Дене шынықтыру бойынша нормативтер

Студент-ер балалар үшін

№ р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»

«4»

«3»

1

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3

Биік белтемірде тартылу (саны)

12

10

8

 

Студент-қыздар үшін

№ р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

   «5»  

   «4»  

   «3»  

1

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3

Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне
қоюмен денені көтеру (саны)

25

20

15

4. Төртінші кезең - ЖЖОКБҰ-ның басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.   

Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген студент келесі кезеңге жіберілмейді.

Әскери кафедраға оқуға қабылданған студенттер әскерге шақыру бойынша әскери қызметке әлеуетті кандидаттар болып табылады.

Қосымша ақпарат: № 7 оқу корпусы және тел. 8(7152)36-94-56 ішкі 1123, 87470528094