Басым бағыт: агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі. "Жасыл экономика", "Жасыл технологиялар".
Жоба жетекшісі: Дмитриев П.С. доцент, б.ғ.к., эл. пошта dmitriev_pavel@mail.ru
Жобаны орындаушылар: Фомин И.А. магистр, Берденов Ж.Г. PhD докторы, Островной К.А. магистр, Бектемирова А.А. PhD докторанты.
Орындау мерзімі: 2021-2023 жж.
Қаржыландыру көлемі: 51 192 920 теңге.
Инновациялар өнімі: (тауар, қызмет): көл шөгінділерінің сығындысы негізінде инновациялық органоминералды тыңайтқыш.
Қолданылу өрісі/саласы: Агроөнеркәсіптік кешен, "жасыл экономика", "жасыл технологиялар".
Жобаның мақсаты: интенсивті егіншілік және өсімдік шаруашылығы үшін көл шөгінділерінің сығындысы негізінде инновациялық органоминералды тыңайтқыш алу технологиясын әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер: жергілікті көлдердің түптік шөгінділерінің сығындысы негізінде экологиялық таза органикалық минералды тыңайтқыш алу технологиясын жасау; органикалық минералды тыңайтқыштың қасиеттерін анықтау; өсімдік шаруашылығы мен жерді пайдалануды қарқындату үшін әдістемесін әзірлеу.
Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы, органикалық өнім экспортын ұлғайтуға, бұл жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.
Жобаның сипаттамасы: ауыл шаруашылығында "Жасыл технологияларды" іске асыру шарттарының бірі Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті табиғи ресурстары негізінде органикалық егіншілікті пайдалану болуы тиіс. Ұсынылып отырған технология экологиялық таза өнімнің шығымдылығын аз шығынмен арттыруды көздейді, бұл нәтижесінде қарқынды егіншілікке және өсімдік шаруашылығына ықпал етеді. Энергия мен өсуді ынталандырушы ретінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын себу алдында, өңдеу үшін көлдердің жергілікті ресурстарының түптік шөгінділерінің сығындысы негізінде инновациялық тыңайтқыш алу. Кем дегенде 10% кірістіліктің өсуіне қол жеткізу үшін инновациялық тыңайтқыш алу технологиясын жасау.