Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы мұражайы

2006 жылы университетке Петропавл қаласының Абай көшесі 16 мекенжайында орналасқан тарих және сәулет ескерткіш-ғимараты берілді. 2010 жылдан бастап бұл нысанда жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта университет мұражайының жөндеуден өткен залдарында зкспозициялық құрал-жабдықтар орнатылған.

СҚМУ мұражайының ашылуы 2011 жылдың наурызында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеудің кешенді іс-шараларына сәйкес орайластырылды.

Бірінші қабатта демонстрациялық зал, М. Қозыбаев залы, археология және этнология залы. Екінші қабатта мұғалімдер институты, педагогикалық және политехникалық институттар, Солтүстік Қазақстан университеті, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ залдары және қор сақтау, материалдарды жинақтау мен қызметкерлер кабинеті орналасқан.

Жаңа экспозицияның бөлімдері мен негізгі бағыттары:

  • Экспозиция 2003 жылы біздің университетке аты берілген тарихшы, академик М. Қозыбаевқа арналған. Экспозицияны М. Қозыбаевтың жеке заттары, құжаттары, еңбектері және сурет пен бейне материалдары құрайды.
  • Университеттің тарихы түлектердің дипломдары, құжаттары мен суреттері арқылы берілді. Сонымен қатар, атақты түлектерге қоғамдық спорттағы қызметі үшін берілген марапаттар да бар. Барлығы да нақты бірізділік бойынша жүйеленген. Экспозицияда университеттің қазіргі өмірі мен қызметінде жоғары білім беру міндеттерін орындауына ерекше көңіл бөлінген.
  • Экспозиция ерекшелігі - жоғарғы оқу міндеттерін орындайтын университет әрекеті мен қазіргі өмірі. Университет тарихының бөлігі ретінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Тарихи-археологиялық зерттеулері» айдарымен материалдар дайындалды. Бұл материалдар Солтүстік Қазақстандық археологиялық экспедицияның 1967 жылдан бергі негізгі зерттеу нысандары мен археология ғылымының әлемдік және отандық дамуына ЖОО ғалымдарының қосқан үлесін көрсетеді.
  • Этнографиялық бөлімде Солтүстік Қазақстандағы ұлыстардың қалыптасуы мен әртүрлі ұлыстардың рухани және материалдық мәдениетін сипаттайтын элементтер көрсетілген. Жыл сайын тарих және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері Солтүстік Қазақстандық археологиялық экспедицияның ғылыми зерттеулері мен археологиялық тәжірибесіне қатысады. Мұражай қоры әрдайым жаңа материалдармен толығып отырады. Тарих сабақтарында студенттер мұражайдан өлкенің ежелгі тарихымен таныса алады.

Мұражайдың жұмыс жоспарына сәйкес, облыс және қала тұрғындарынан материал жинау және университет қызметі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп отырады. Түлектер Ассоциациясымен бірге М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың әр жылдарындағы бітірген түлектерімен жұмыс жүргізіліп тұрады және «Үздік түлек» бөліміне материалдар жинақталып, «Университеттің үздік түлектері», «Құрмет кітабына» жазбалар жүргізіледі.

Мұражай жұмысы туралы ақпарат университеттің «Парасат» студиясы мен газетте үздіксіз беріліп отырады.

Мұражайда 5000 данаға жуық экспонат бар.

Мұражайда ҚР белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әртүрлі республикалық конференцияға қатысушылары университеттің құрметті қонақтары болады. Мұражай қызметкерлерінің халықаралық және республикалық слетының қатысушылары, "СҚО үздік мұражайы" атты аймақтық байқауының жүлдегері.

Мұражай экспозиция материалдары әрдайым жаңартылады. Мұражай конференциялар мен аудиториялар ұйымдастыруда материалдар ұсынады.

Мұражай тарихы студент жастар арасында патриотизмді дамытуда ерекше орын алады. Жыл сайынғы жоспарға сәйкес барлық факультеттер мен Тіл және әдебиет институтының бірінші курс студенттері факультет, кафедра жетістіктерімен танысып, біздің университет беделін арттырып, дәстүрді жалғастырады. Мұражайда біздің студенттердің қатысуымен академик Манаш Қозыбаевқа арналған әдеби-шығармашылық композиция өтеді. ҚР Тәуелсіздік күні, ҚР Тұңғыш Президент күні, ҚР Конституциясы күні және басқа да атаулы күндерде мұражай залдарында студенттерге арналған Қазақстан мемлекетінің даму кезеңдері туралы презентация, еліміздің тәуелсіздігі жолындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы фильм көрсетіледі.

Мұражай әлеуметтік желілерде: 


Мұражай жұмысының күн тәртібі:

Күнделікті 9-дан 17.30 дейін, түстену 13.00-ден 14.00 дейін
Экскурсия 7 адамнан кем емес топқа бір жарым сағат көлемінде жүргізіледі

Құрылым


Кожабекова Ботагоз Сапарқызы

Мұражай жетекшісі

 +7 (7152) 493233, ішкі 1302
Абай к-сі, 16
 bkozhabekova@ku.edu.kz


Ахмеджанова Гульжанар Казжановна

Маман

 +7 (7152) 493233, ішкі 1303
Абай к-сі, 16
 gkahmedzhanov@ku.edu.kz