Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін бі әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Әрқашан өзіңіздің табысқа жету туралы шешіміңіз басқалардан әлдеқайда маңызды деген ойға жүгіну
Факультеттер жаңалықтары
2026 жылғы 27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында тарих, экономика және құқық факультетінде «Күміс университет» жобасы аясында курс тыңдаушы әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде «Foundation» бағдарламасының студенттерімен және болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда 7-курс студенттері куратор М. Мурзабаеваның жетекшілігімен Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Полудино ау әрі қарай оқу
2026 жылғы 24 ақпанда Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі КГУ «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» базасын әрі қарай оқу
25.02.2026 жылы медициналық факультет базасында оқытушылар мен студенттерге арналған «Қазақстандағы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық: өмірді сақтап қ әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері «Нашақорлыққа жол жоқ!» «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндег әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы түсіндірілді. Іс-шара Ж-23, Ж-2 әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда медициналық факультеттің 4 және 7 курс студенттері қайырымдылық акциясын өткізіп, Петропавл қаласындағы Балалар үйіне барды. Бас әрі қарай оқу
Kozybayev Alumni түлектер қауымдастығының қызметі аясында тарих, экономика және құқық факультетінде әртүрлі ұрпақ түлектерін біріктіру үшін маңызды ал әрі қарай оқу
Құрметті Айдана!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысына сәйкес:
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В- ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
- жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
- білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.
Академик Манаш Қозыбаев атындағы грант туралы ережеге және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының гранты туралы ережеге сәйкес:
Екінші немесе одан да жоғары курстарда білім алатын, өткен семестрде тек "өте жақсы" (А, А-) және "жақсы" (В+, В, В-) бағалары болған, СҒҚ жұмысына, ғылыми бағыттағы іс-шараларға, шығармашылық байқауларға, университеттің мәдени-кәсіби және тәжірибелік жұмысына белсенді қатысатын студенттер академик Манаш Қозыбаев атындағы грантты иелене алады.
Екінші немесе одан да жоғары курстарда білім алатын, өткен семестрде тек "өте жақсы" (А, А-) және "жақсы" (В+, В, В-) бағалары болған, көбінесе әлеуметтік қолдауды қажет ететін (мүгедек, жетім, толық емес/әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан, мүгедек/зейнеткер ата-анасы бар) студенттер Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының грантын иелене алады.
Бұл гранттар тек бір семестрге ғана беріледі.
