Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат

Медицина факультетінің Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Іргелі медицина» кафедрасының меңгерушісі Берденов Д.К, жә әрі қарай оқу

13 ақпан 2025
ТжӘИ: Авторлық құқық күәлігі алынды

ЖРН АР 19676219 "Солтүстік Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралас аудандарының топонимикалық ландшафтын интегралды зерттеу" тақырыбында гранттық әрі қарай оқу

12 ақпан 2025
ТЭҚФ: 1С Сертификаттау орталығының жұмысы жалғасуда

2025 жылғы 4 ақпанда "Есеп және аудит" және "Экономика" мамандықтарының бітіруші курсының білім алушыларына "Электрондық бухгалтерлік есеп" пәнін оқу әрі қарай оқу

04 ақпан 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ ПОҚ Қысқы мектеп жұмысына қатысты

13-25 қаңтар аралығында ҚХА кафедрасы "Жастар ортасында қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірегейліктің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыр әрі қарай оқу

16 қантар 2025
МФ: Аралық аттестаттау

Аралық аттестаттау жоғары медициналық білім алу кезінде оқытудың басты құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. 17.12.2024 жылдан бастап оқу жоспары әрі қарай оқу

24 желтоқсан 2024
АФ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Агротехнология факультетінің студенттері үшін "тұрмыстық зорлық-зомбылық" атты дөңгелек үстел өтті.  Іс-шара аясында студенттер мәселенің ау әрі қарай оқу

17 желтоқсан 2024
ТжӘИ: "Weihnachtsmotive" Winterfestival іс-шарасы

Тіл және әдебиет институтының "Герман-роман филологиясы" кафедрасында біздің шет тілдер факультетінің студенттері оқып жүрген тілдерінің елдеріне қаты әрі қарай оқу

13 желтоқсан 2024
МФ: Сессияға дайындық

  2024 жылғы 10 желтоқсанда емтихан сессиясының басталуы қарсаңында Медицина факультетінің  әкімшілігі студенттермен кездесу өттізді, оның әрі қарай оқу

11 желтоқсан 2024
ПФ: KOZYBAYEV UNIVERSITY ҰЖЫМДЫҚ МОНОГРАФИЯ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

Монография - күрделі әлемнің сын-қатерлері талап ететін зерттеу ортасындағы ерекше "айырым белгісі". ​Жобалық зерттеу жұмысында монография басылымы - әрі қарай оқу

13 қараша 2024
АФ: Халықаралық пәндік олимпиада

Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тек академиялық іс-шаралармен шектелмейді – бұл ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерд әрі қарай оқу

01 қараша 2024
Барлығын оқу

Мұғалімдердің көшбасшылыққа дайындығын және дағдыларын дамыту (DeSTT)

Development of Skills and
Teachers Training for leadership

DeSTT - Мұғалімдердің көшбасшылыққа дайындығын және дағдыларын дамыту

Жобаның тіркеу номері: 609905-EPP-1-2019-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP

Жобаның ұзақтығы15 қаңтар 2020 жыл - 14 қаңтар 2023 жыл

DeSTT жобасының қысқаша сипаттамасы

Жоба көшбасшылық саласында құзыреттілігі жеткіліксіз педагогтердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Монғолияда, Қазақстан мен Ресейде мұғалімдерді кәсіби дамыту және даярлау саласындағы формальды және формальды емес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар, аймақтық педагогикалық қоғамдастығының әлеуметтік маңызды идеяларын жобалау, дамыту және жылжыту үшін платформа ретінде көшбасшылық білім беру орталығын құру.

Жобаның ресми сайты: www.destt.info

Facebook жобаcының беті : https://www.facebook.com/Destt.20/

DeSTT жобасының буклеті: қазақ тілінде, ағылшын тілінде, орыс тілінде.

Жобаның координаторы: Кассино және Оңтүстік Лацио университеті (Италия)

Жоба консорциумының құрамы:

  1. Қауіпсіздік және еркіндік қоры (Италия)
  2. Әлеуметтік ғылымдар академиясы (Польша)
  3. Сантьяго де Компостелла университеті (Испания)
  4. Ярослав Мудрый атындағы Новгородский мемлекеттік университеті (Ресей)
  5. А.А. Ежевский атындағы Иркутский мемлекеттік университеті (Ресей)
  6. Халықаралық бизнес университеті
  7. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  8. Моңғол ұлттық білім университеті
  9. Моңғол мемлекеттік Ғылым және технология университеті
  10. Моңғол мемлекеттік аграрлық ауыл шаруашылығы университеті

«Мұғалімдердің көшбасшылық дағдыларын дамыту және дайындау» DeSTT жобасы жұмыс тобы мүшелерінің рөлдері мен жауапкершілігін бөлу

DeSTT жобасының жұмыс тобының мүшелері Жобадағы рөлі
Олькова Ирина Александровна  Жоба жетекшісі/менеджер
Уалиева Назым Толеубековна Зерттеуші, жаттықтырушы
Гумель Елена Борисовна Зерттеуші, жаттықтырушы
Павловская Надежда Григорьевна Зерттеуші
Чемоданова Галина Иосифовна Зерттеуші, жаттықтырушы
Волчкова Наталья Ильинична  Зерттеуші, жаттықтырушы
Санникова Марина Владимировна Зерттеуші
Нурпеисова Айгуль Хайртаевна Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі менеджер, зерттеуші, жаттықтырушы
Мурзалинова Алма Жакимовна Зерттеуші

Жобаны іске асыру

2020 жылы 4-8 ақпанда Kick-off Кассино және оңтүстік Лацио университеті базасында кездесу.

2020 жылы 23 сәуірде жоба сайтын құру, сайттың жұмыс істеуі және facebook-та жоба беті мәселелеріне арналған онлайн-кездесу.

2020 жылдың 6 мамырында DeSTT жобасының сапасын қамтамасыз ету жүйесінің мәселелеріне және серіктестерді тартуға, ЕО серіктестерінің рөліне, “The most important startup questions about concepts and models of training teachers for leadership”, онлайн-семинарын дайындауға, ұйымдастыру мәселелеріне арналған жылдың онлайн-кездесуі.

2020 жылғы 4 маусымдағы “The most important startup questions about concepts and models of training teachers for leadership” онлайн-семинары.

 

2020 жылғы 15-17 қазанда Erasmus Days жыл сайынғы акциясын өткізу шеңберінде көшбасшылықты дамытудың Білім беру орталығы (Education Centre for Leadership) ашылды

Көшбасшылықты дамытудың Білім беру орталығына жабдықтар сатып алынды (М. Қозыбаев атындағы СҚУ бюджеттік комиссиясы отырысының №11 хаттамасы 11.11.2020); тендер нәтижелерінің хаттамасы 5215808-ZTsP 27.11.2020).

2020 жылғы желтоқсан мен 2021 жылғы сәуір аралығында жұмыс тобының мүшелері еуропалық әріптес елдердің өкілдері өткізетін онлайн-мастер-кластар сериясы шеңберінде оқудан өтті: “Strategies for Training and Professional Development of Teachers for Leadership Suggestion”; “Idea of leadership” by professor Alessandro Figus”; “Strategies of development and methods of moderating trainings in leadership”, conducted by Ramón Bouzas Lorenzo; “Introduction to the Project Management in HE. Project Leaders interact with function leaders in HE” conducted by professor Alessandro Silvestri.

2-ші циклді модульдік кластердің екі пәнінің ОЖЖ және ПОӘК әзірленіп, «Педагогика және Психология» кафедрасының отырысында (27.11.2020 ж. № 4 хаттама) және М. Қозыбаев атындағы СҚУ оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді. (23.12.2020 ж. хаттама)

2021 жылғы 19 қаңтарда Академиялық сауалдар жөніндегі Басқарма мүшесінің м.а. бейресми білім беру курстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогикалық мамандықтардың бірінші курс магистранттарымен кездесуі өтті.

Әзірленген ОЖЖ мен ПОӘК енгізу М.Қозыбаев атындағы СҚУ ПҚБАИ шеңберінде 01.02.2021-05.06.2021 аралығында қазақ және орыс тілдерінде өтті (01.02.2021 ж. № ИПК-13 бұйрығы). Әзірленген екі бағдарлама бойынша оқуды «Білім» бағытындағы білім беру бағдарламаларының 1 курс магистранттары өтті. ИЯ-м-20, м(о)-м-20, Ф(о)-м-20, Ин(о)-м-20 топтары үшін дәріс сабақтары онлайн, практикалық сабақтар оффлайн өтті. ПОҚ-м-20, ФКС-м-20, ДФ-м-20, Ин(о)-м-20к, М(о)-м-20к топтары үшін дәрістік және практикалық сабақтар онлайн өткізілді. 1 курстың 12 магистранты қазақ тілінде, 67 магистранты орыс тілінде білім алды. Барлығы-79 магистрант.

2021 жылғы 5-6 қаңтарда көшбасшылықты дамыту білім беру орталығының жұмысы шеңберінде «Педагогті көшбасшы ретінде оқыту және кәсіби дамыту стратегиялары» «Strategies for training and professional development as a teacher-leader» (С.М. Өмірбаев, А. К. Мағзумова) онлайн семинары өтті.

Семинарға 114 адам қатысты, олардың ішінде облыстың білім басқармасының басшылары, педагогтарды даярлау жөніндегі факультет декандары, орта мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, педагогтарды даярлау жөніндегі факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, орта мектеп мұғалімдері. Семинар шеңберінде келесі тақырыптар талқыланды: «Педагог көшбасшылығы: білім беру ұйымдарында көшбасшылық рөлде болу немесе болмау» және «Педагогтың көшбасшылық қасиеттері: түсінігі, құрылымы, модельдері». Толығырақ

Қазіргі кезеңде студенттерге, магистранттарға және білім беру қызметкерлеріне арналған «Заманауи педагогтың көшбасшылық қасиеттерін дамыту» онлайн курсы бағдарламасының контентін әзірлеу жүргізілуде.

2021 жылғы 6 мамырда көшбасшылықты дамытудың Білім беру орталығында ЕО, РФ, ҚР және Моңғолия әріптес елдері өкілдерінің онлайн кездесуі өтті. 2021 жылдың маусым-желтоқсан айларына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Көрсетілген кезеңде жоба тақырыбы бойынша оқу құралын жазу, сондай-ақ пандемия жағдайына және шекаралардың ашылуына байланысты іссапарлар бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.

2021 жылғы 6 мамырда американдық делегацияның М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға сапары аясында көшбасшылықты дамыту білім беру орталығының тұсаукесері өтті, жоба туралы ақпарат жазылған брошюралар таратылды.

06.05.2021 жоба консорциумының кездесуінде қабылданған шешімге сәйкес серіктес университеттермен бірлесіп жоба тақырыбы бойынша оқу құралын жазу үшін жұмыс тобының құрамы анықталды.

2021 жылғы мамырда кадрлық өзгерістерге байланысты жобаның жұмыс тобының құрамы жаңартылды (бұйрық № НҚ-291от 17.05.2021).

 Қазіргі уақытта Web of Science деректер базасына кіретін басылымда жариялау үшін жоба тақырыбы бойынша ғылыми мақала жазу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 21 маусымда жобаның жұмыс тобы Қазақстан Республикасындағы Erasmus + бағдарламаларының ұлттық кеңсесі жүргізетін жоспарлы мониторингтен өтті.

2021 жылдың 17 қыркүйегінде М.Қозыбаев атындағы СҚУ Көшбасшылық Білім беру орталығында «Көшбасшылық саласындағы біліктілікті дамыту және мұғалімдерді даярлау  / Development of Skills and Teachers Training for Leadership» DeSTT жобасының жұмыс тобының кездесуі өтті.

2021 жылдың 14-15 қазан аралығында СКУ "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы Н. И. Волчкова "Педагогика және психология" ББ магистранты Камила Дюсембековамен бірге екі күндік   «"Эмоционалды зияткерлік және көшбасшылық" Республикалық тренингін»    өткізді.

2021 жылдың 19-20 қазан аралығында СКУ "Педагогика және Психология" кафедрасының аға оқытушысы А. Х. Нұрпейісова "Педагогика және Психология" ББ 2 курс магистранты Айгерім Сағандықовамен бірлесіп екі күндік    «"Қазақстандағы инклюзивті білім беру" Республикалық тренингін»  өткізді.

2021 жылғы 10 қарашада Сапа апталығы аясында "Сапалы білім – лайықты өмір мен тұрақты дамудың негізі" тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді. Іс-шараның модераторы - Чемоданова Г.И., п. ғ. к., доцент.


Жарияланым Еуропалық Одақтың ЭразмусҺ бағдарламасы аясында әзірленді және авторлардың пікірлерін қамтып көрсетеді. Атқарушы Агенттік пен Еуропалық Комиссия осы бүктемеде қамтылған ақпараттың кез келген пайдаланылуы үшін жауапты емес.