Тарих, экономика және құқық факультетінің «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының 2-курс Ж-24қ тобының студенті Амирова Замира Мадияровн әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Ана тілін ұмытқан адам - өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Факультеттер жаңалықтары
2026 жылғы 19 наурызда тарих, экономика және құқық факультетінде жаңа демалыс аймағы — «Kitchen Room». Іс-шара Наурыз мерекесі қарсаңында университетт әрі қарай оқу
2026 жылғы 18 наурызда Ұлттық киім күні аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің оқу-зертханалық корпус әрі қарай оқу
2026 жылғы 17 наурызда Шаңырақ күні мерекесі аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің оқу-зертханалық к әрі қарай оқу
*]:pointer-events-auto scroll-mt-[calc(var(--header-height)+min(200px,max(70px,20svh)))]" dir="auto" data-turn-id="request-WEB:ee119cbd-a6d1-49f5-835f әрі қарай оқу
2026 жылғы 15 наурызда Қайырымдылық күні аясында медицина факультетінде «Жақсылық жаса — жүрек жылыт!» атты еріктілер акциясы ұйымдастырылды. ОМ-21 т әрі қарай оқу
2026 жылдың 14 наурызында тарих, экономика және құқық факультетінде «Көрісу күні» атты дәстүрлі қазақ мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл әрі қарай оқу
Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін бі әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында тарих, экономика және құқық факультетінде «Күміс университет» жобасы аясында курс тыңдаушы әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде «Foundation» бағдарламасының студенттерімен және болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар әрі қарай оқу
Шетел азаматтарына
I. Шетелдік студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама бойынша қабылдау
Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жариялайтын Стипендиялық бағдарлама конкурсына қатысу қажет.
II. Орыс тілінде ақылы түрде оқуға қабылдау
Шетел азаматтарын ақылы бөлімшеге қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандары БАҒДАРЛАМАСЫ
Шетел азаматтарын қабылдауға арналған құжаттар:
- Өтініш.
- Төлқұжат.
- Алдыңғы білімі туралы құжат.
- Білімі туралы құжатқа қосымша/транскрипт (түпнұсқа), келесі ақпараты бар: оқу пәндері, алынған қорытынды бағалар, оқу процесінің басқа құрамдас бөліктері.
- Білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы.
- Жіберуші елдің ресми Денсаулық сақтау органы куәландырған психикалық денсаулық, инфекциялық аурулардың болмауы және ЖОО-да оқуға қарсы көрсетілімдер туралы медициналық анықтамалар; жіберуші елдің ресми Денсаулық сақтау органы куәландырған АИТВ-инфекциясының жоқтығы туралы анықтама, алынған екпелер туралы ақпарат.
- 8 түрлі-түсті, бұрышсыз 3x4 фотосурет, тұлға беті кем дегенде 60% алуы керек.
III. Ағылшын тілінде ақылы түрде оқуға қабылдау
Шетел азаматтарын университетке ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетелдік азаматтар академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын қабылданады.
Студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрықты Басқарма төрағасы - Ректор емтиханды сәтті тапсырғаннан, оқу туралы шарт жасасқаннан және оқу ақысын төлегеннен кейін шығарады.
Шетел азаматтарын қабылдауға арналған құжаттар:
- Өтініш.
- Төлқұжат.
- Алдыңғы білімі туралы құжат.
- Білімі туралы құжатқа қосымша/транскрипт (түпнұсқа) мынадай ақпараты бар: оқу пәндері, алынған қорытынды бағалар, оқу процесінің басқа құрамдас бөліктері (Biology, English, Chemistry бойынша рейтинг кемінде 60%).
- Білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы.
- Жіберуші елдің ресми Денсаулық сақтау органы куәландырған психикалық денсаулық, инфекциялық аурулардың болмауы және медициналық ЖОО-да оқуға қарсы көрсетілімдер туралы медициналық анықтамалар; жіберуші елдің ресми Денсаулық сақтау органы куәландырған АИТВ-инфекциясының жоқтығы туралы анықтама алынған екпелер туралы ақпарат.
- 8 түрлі-түсті, бұрышсыз 3x4 фотосурет, тұлға беті кем дегенде 60% алуы керек.
Университетте білім гранты немесе ақылы негізде «Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша, ағылшын тілінде оқуға түсетін шетел азаматтарын қабылдау Университет қабылдау комиссияларының жыл бойы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат болған жағдайда:
- International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс жүйесі Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл – 5.0 кем емес;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг бағдарламасы Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – 35 балдан аз емес;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг бағдарламасы) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – 417 кем емес;
- TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл – 550 кем емес;
- Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл – 80 кем емес.
Оқуға түсу кезінде оқуға түсуші университетпен білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға міндетті.
Шетел азаматы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді ұсынған жағдайда, Университет оған құжаттарды қайтаруға және енгізілген ақшалай қаражатты қайтармауға құқылы.
ҮНДІСТАННАН КЕЛГЕН ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ МЕН КЕҢЕСШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Үндістан мемлекетінің аумағында «М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ-да оқу үшін шетелдік студенттерді қабылдауға байланысты алаяқтық пен жалған құжаттарды алдын алуға назар аударуыңызды сұраймыз, барлық мәселелер бойынша тек Үндістан Республикасындағы М. Қозыбаев ат. СҚУ ресми өкілдеріне хабарласыңыз:
WhatsApp: +7(701) 311 30 33
E-mail: nksu.f.i@imu.kz

