Наурызнаманың онкүндігі басталды
Наурызнама мерекелік онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналады. Мерекелік күндер тізбегі Көрісу күні – Амал мерекесімен бастау алады. Бұл күні халқымыз қыстан аман-есен шығып, көктемді қуанышпен қарсы алып, бір-бірімен қол алысып, төс қағысады. Адамдар өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне амандық, береке тілейді. Ақсақалдар ақ батасын беріп, тағылымды өсиеттерін айтады. Бұл атаулы күн өскелең жас ұрпақты мейірімділікке, ауызбіршілік пен татулыққа, бауырмалдық пен сыйластыққа тәрбиелейді. Көрісу күні әр шаңыраққа құт-береке, амандық пен бейбітшілік әкелсін!
Әрі қарай оқу