"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Наурыз – 2026!
14–23 наурыз аралығында мәдениет, дәстүр және заманауи технологияларды біріктіретін Наурызнама онкүндігі өтеді. Он күн бойы мәдени іс-шаралар, танымдық кездесулер, зияткерлік ойындар және цифрлық форматтағы жобалар ұйымдастырылады.
Біз QS әлемдік рейтингіне ендік!
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алғаш рет беделді QS әлемдік рейтингіне енді, бұл білім мен ғылым саласындағы жоғары деңгейімізді дәлелдейді. Бұл – бүкіл ұжым үшін үлкен жетістік және халықаралық танылуға бастар жол!
Қос диплом - қос мүмкіндіктер!
Kozybayev University болашаққа шақырады! Біз Аризона (АҚШ) Университетімен бірлесіп, әлемдік деңгейдегі білім мен халықаралық перспективаларды ұсынамыз. Бағдарламаның басты бетінде қабылдау шарттарын біліңіз. Қабылдау комиссиясының телефоны 8(7152) 49-30-37.
Білім алу – ешқашан кеш емес!
Егер сіздің жасыңыз 50-де немесе одан көп болса – бұл тоқтауға себеп емес, керісінше, өмірдің жаңа бетін бастауға тамаша мүмкіндік. Күміс университеті Сізді қызықты курстарға шақырады: цифрлық дағдылардан бастап шет тілдеріне дейін, йогадан бастап шығармашылық шеберлік сабақтарына дейін. Біздің қауымдастыққа қосылыңыз және өзіңізден жаңа мүмкіндіктерді ашыңыз!
AI-Sana KU-де!
AI-Sana жобасы - болашаққа жасалған қадам. Бұл жерде студенттер тек жасанды интеллектті үйреніп қана қоймай, оны өздері де жасайды. Базалық курстардан бастап – стартаптар мен университетке нақты енгізуге дейін. Біздің жобалар.
Astana Hub ұсынған Startup Academy тегін курсы. Тіркелу сілтемесі.
Әскери кафедраны таңда!
Университеттің әскери кафедрасына құжаттарды қабылдау басталды. Әскери кафедра - әскери даярлықтан өтуге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік. Конкурстық іріктеу туралы толығырақ.
Kozybayev University и «Август-Казахстан»: новые шаги в развитии аграрного образования Kozybayev University
Kozybayev University и «Август-Казахстан»: новые шаги в развитии аграрного образования

Агротехнологиялық факультетінде «Август-Қазақстан» ЖШС-мен бірлескен екі маңызды шара өткізілді: агроолимпиада және брендтелген оқу кабинеті ашылды. Компания делегациясын «Август-Қазақстан» ЖШС Бас директоры Құсайынов О.Д. басқарды. Бұл ынтымақтастықтың стратегиялық деңгейі мен практикалық маңыздылығын айқындай түсті. Аталған шаралар 10 жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан жүйелі серіктестіктің нәтижесі. Ынтымақтастық қолданбалы сипатқа ие: білім беру процесі аграрлық саланың қажеттіліктерімен байланысады, ал студенттер оқу барысында кәсіби ортаға тартылады. Агроолимпиада студенттердің кәсіби құзыреттілігін бағалау алаңына айналды. Оның қорытындысы бойынша ең мықты қатысушылар анықталды: Балкашев Ренат, Тарасенко Олег, Манайдар Дәурен, Нурикенов Дамир («Агрономия» және «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар» білім беру бағдарламалары). Жеңімпаздар факультет атынан екінші кезеңге (Мәскеу маңындағы Черноголовка қаласындағы) ҒЗО-да халықаралық деңгейде қатысады. Брендтелген оқу кабинетінің ашылуы факультеттің білім беру инфрақұрылымын нығайтады және тәжірибеге бағытталған оқытудың заманауи ортасын қалыптастырады. «Август-Қазақстан» ЖШС-мен ынтымақтастықтың тиімділігі нақты нәтижелерге ие: - бейінді саладағы түлектерді жұмысқа орналастыру Хитров Александр-«Ақжер 2010» ЖШС директоры, Парунов Сергей, Шохтыбаев Қайдар, Турков Константин-технологтар. - оқыту семинарлары; - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. «Август-Қазақстан» ЖШС-не тиімді ынтымақтастық және жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Әрі қарай оқу
27 наурыз 2026
ЕРБОЛ ХАМИТОВ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ Kozybayev University
ЕРБОЛ ХАМИТОВ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов университетіміздің мақтанышы,дарынды спортшы Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады.Ербол Хамитов – пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде топ жарып, «Хрусталь глобусқа» қол жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы. Сонымен қатар, қысқы Паралимпиада ойындарында қайсарлық пен табандылық танытып, ел қоржынына алтын медаль және пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп, ел намысын асқақтатты.Спортшының жоғары жетістіктеріне қосқан үлесі үшін оның жаттықтырушылары Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Жданович Құрмет грамотасымен марапатталды.Университет ұжымы Ербол Хамитовты жоғары марапатымен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейді.

Әрі қарай оқу
27 наурыз 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ЕРБОЛ ХАМИТОВҚА III ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІН ТАБЫСТАДЫ Kozybayev University
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ЕРБОЛ ХАМИТОВҚА III ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІН ТАБЫСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қозыбаев университетінің студенті Ербол Хамитовтың 2026 жылғы Паралимпиада ойындарындағы жеңісін ұлттық параспорт тарихындағы айтулы жетістік деп бағалады. Қазақстандық спортшы ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медалін әкеліп, парабиатлонда 4,5 шақырымдық жарыста топ жарды. Сондай-ақ, шаңғы жарысында қола жүлдегер атанды. Бұл көрсеткіш командаға жалпы командалық есепте 18-ші орын алуға мүмкіндік берді. Ақордадағы марапаттау рәсімінде Президент Ербол Хамитовқа Италиядағы XIV қысқы Паралимпиада ойындарындағы ерекше спорттық жетістіктері үшін III дәрежелі «Барыс» орденін табыстады. «Ербол бүкіл әлемге қазақ халқының табандылығын, батылдығы мен ерлігін көрсетті. Жаттықтырушыларға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Паралимпиада ойындарының алдында мен сіздерге еліміздің көгілдір туын табыстадым. Сіз өзіңізге артылған жоғары сенімді толық ақтап, Қазақстанға жеңіспен оралдыңыз. Еліміз жалпы командалық есепте 18-ші орынға көтеріліп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Үздіктер арасында чемпион атағын жеңіп алдыңыз. Бұл жетістік көпжылдық қажырлы дайындық пен еңбектің нәтижесі », - деп атап өтті Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев жаттықтырушылардың үлесін атап өтіп, пара-спортшылармен жұмыс істейтін барлық мамандарға, соның ішінде дәрігерлер мен демеушілерге алғысын білдірді. Ерболдың екі жаттықтырушысы, Антон Жданович пен Аслан Тоқбаевтың М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлектері. Ақордадағы рәсім барысында Ербол Хамитов пен оның командасының еліміздегі спортты дамытуға және Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесі ерекше аталды. Сонымен қатар, Ербол Хамитовқа СҚО әкімдігі тарапынан Петропавл қаласындағы үш бөлмелі пәтер табысталып, Қозыбаев университетінің магистратурасында білім алуына грант берілді.

Әрі қарай оқу
27 наурыз 2026
«ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ делегациясы Қозыбаев университетінде Kozybayev University
«ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ делегациясы Қозыбаев университетінде

ҚазАтомӨнеркәсіп- Қазақстанның Ұлттық атом компаниясы, табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Жаһандық кәсіпорынмен ынтымақтастық ЖОО үшін кең мүмкіндіктер ашады. Осыған дейін университет басшылығы мен стратегиялық әріптестеріміз- Аризона Университетінің өкілдері, ғылым, технология және кадрлар даярлау саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау мақсатында «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ барған болатын. Осы жолы қонақтар Kozybayev Labs: «Агрохиманалитика», «Су сапасын бағалау», «Микробиология», «Экологиялық токсикология және биоәртүрлілік» ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысты. Олар 938 млн теңгеге жабдық ұтып алған БМҚ жобасы аясында сатып алынды. Делегация құрамы химия және химиялық технологиялар кафедрасының зертханаларын және біздің ЖОО базасындағы «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС өндірістік кешенін аралады. Университет басшылығымен және ғалымдарымен кездесуде ғылыми ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Аризона университетінің зерттеушісі Шамиль Саев уранды, сондай-ақ, сирек кездесетін жер металдарын селективті түрде алу үшін күкірт полимерінің адсорбенттерін пайдалану саласындағы бірлескен әзірлемелермен таныстырды. Оқу ордамыздың ғалымдары су ресурстары, пластмасса жасау, химиялық экология саласындағы зерттеулердің өз бағыттарын ұсынды. «Біз ынтымақтастыққа ашықпыз. Консорциумда жұмыс істеуді ұсынамыз.  Сапалы және экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ететін зерттеулер маңызды. Біз ұлттық компания. Сондықтан біздің міндетіміз- Ұлттық қорды толықтыру»,-деді «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ Ғылым және сирек жер материалдары департаментінің жетекшісі  Арманбек Өмірғали. Жалпы, 2021-2025 жылдары университетте ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 10 еседен астам өсті, ал жалпы табыстағы ғылымның үлесі 2,8% - дан 14,5% - ға дейін ұлғайды. 2025 жылы жалпы бюджеті 1 310,424 млн теңгені құрайтын 12 ғылыми жоба іске асырылды, 2 млрд теңгеден астам сомаға тағы 19 жоба бойынша өтінімдер берілді. Коммерцияландыру саласында өңір кәсіпорындарымен бірлесіп 1,7 млрд теңгеге өтінім берілді, оның 412 млн теңгесі- жеке инвестициялар болып табылады. Негізгі міндет-АӨК, азық-түлік қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз ету саласында өңірлік кластерлерді дамыту болып табылады. Мұндай әріптестік озық зерттеулерді дамыту, әлемдік деңгейдегі кадрларды даярлау және қазақстандық ғылымды жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістікке интеграциялау үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Әрі қарай оқу
27 наурыз 2026
Университетте аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті Kozybayev University
Университетте аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Университетте білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. Шараны оқу орнының Психологиялық қызметі жаңа сын-қатерлер жағдайында студенттердің психологиялық саулығын нығайту мақсатында ұйымдастырды. Оған ЖОО оқытушылары, қызметкерлері және психолог мамандары қатысты. Кездесу барысында білім алушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, олардың дағдарыстық жағдайларының алдын алу және профилактикалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің қауіп-қатер деңгейін ерте анықтауға арналған іс-қимылдың бірыңғай алгоритмі таныстырылып, бекітілді. Жиында Солтүстік Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысушыларды білім алушылармен жұмыс істеудің жаңа әдістері мен тиімді формаларымен таныстырды.

Әрі қарай оқу
27 наурыз 2026
Франция елшісі Сильван Гиогенің Қозыбаев университетіне  сапары Kozybayev University
Франция елшісі Сильван Гиогенің Қозыбаев университетіне сапары

Қозыбаев университетіне Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге іс-сапармен келді. Бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты кеңейтеді. «Францияда мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және басқа да салалар жоғары дамыған. Біз сіздің университетіңіз сияқты осы салаларда студенттерді оқытамыз. Солтүстік Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтері, уран және басқа да маңызды материалдар бар. Осы салада да ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», - деді Сильван Гиоге. Елші Қозыбаев университетінің басшылығымен, Тіл және әдебиет институтының студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Ол 15 жылға жуық уақыт бойы бакалавриат және магистратура деңгейінде француз тілі мұғалімдерін дайындап келеді. Оның айтуынша, «Шет тілі: екі шет тілі» бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің саны артып келеді. Қазіргі уақытта шамамен 150 студент осы бағдарламаны таңдайды. Соңғы бір жарым жыл ішінде Париждегі Шығыс тілдері мен мәдениеттерінің ұлттық институтымен (INALCO) байланыс орнатып келеміз. Өткен жылы келген ғалымдар үшін қазан айында орыстану бойынша күзгі мектеп ұйымдастырдық. Сонымен қатар, наурыз айының басында VIII Париж университетінің (Сен-Дени, Франция) жанындағы Француз геосаясат институтының PhD докторанты Робин Летерье біздің университетімізде бір апта бойы студенттерге сабақ берді. Дәл осы бағыттағы француз мамандарын қабылдауға дайынбыз. Сондай-ақ бүгінгі күні перспективалы бағыттарды белгіледі: - жел энергетикасы, IT және телемедицина саласында қос дипломды бағдарламалар бойынша мамандар даярлау; - Аризона университетінің ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер, соның ішінде атом энергетикасы және сирек жер металдарын зерттеу; - академиялық ұтқырлықты дамыту: Франциядан келген студенттер мен оқытушыларды қабылдауға дайынбыз, оларға барынша қолайлы жағдай жасап, тұрғын үймен қамтамасыз етеміз; - Француз студенттерінің екі дипломдық бағдарламаларға, соның ішінде Аризона университетімен бірлесіп қатысуы; - лингвистика, аграрлық, экологиялық және басқа да бағыттар бойынша жазғы мектептерді өткізу; - бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу. - көпмәдениетті өзара байланыс. Кездесуден кейін ынтымақтастық туралы нақты ұсыныстар тұжырымдалады. Құрметті қонақтарымызға алғыс айтамыз және одан әрі стратегиялық серіктестіктің дамуына үміттенеміз!

Әрі қарай оқу
20 наурыз 2026
Студенттер көрсетілімдік сот отырысына қатысты Kozybayev University
Студенттер көрсетілімдік сот отырысына қатысты

Оқу орнымызда студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында онлайн форматтағы сот отырысының көрсетілімі ұйымдастырылды. Қаламыздағы екі бұрынғы әскери қызметші мен ҚР ҰҰА курсантына қатысты үкім жарияланған. Олар 9.08.2025 ж. бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін екі тұрғынға дене жарақатын салған. Университет студенттері онлайн бейнетрансляция арқылы сот процесін бақылап отырды. Сот отырысы басталар алдында студенттерге оқиға орнынан бейнеролик көрсетілді. Білім алушылар шынайы өмірде заң талаптарын бұзған азаматтардың оқиғасын көрді. Мұндай шара оларға заңсыз мінез-құлықтың салдарын оның адам тағдырына әсерін жеткізуге, нақты тәжірибемен танысуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар студенттерді заңды талаптарын сақтауға, заңсыз іс-әрекеттер жасамауға және бостандықтың шынайы құндылығын түсінуге, жауапты әрі саналы өмірді таңдауға шақырды.   Мұндай шаралар жастардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне үлкен үлес қосады.

Әрі қарай оқу
20 наурыз 2026
В студенческом кампусе открыт филиал банка Kozybayev University
В студенческом кампусе открыт филиал банка

Университет бассейнінің ғимаратында ЦентрКредит Банкі филиалының салтанатты ашылуы өтті. Студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы болу үшін бөлім біздің кампуста орналасқан. Енді қаржылық қызметтерді ыңғайлы әрі қолжетімді форматта ұсынып, қолдануға мүмкіндік береді. ЦентрКредит Банкі біздің ЖОО-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. Қозыбаев университеті  ұжымының 84%-ы банк арқылы жалақы алады. Стипендия алатын білім алушылардың үлесі-93,6% құрайды. «Центр Кредит Банкімен 20 жыл бойы сенімді серіктестікте жұмыс жасап келеміз. ЦКБ біздің барлық бастамаларымызды қолдайды. Өткен аптада бірлесіп бассейн спорт кешенінде жаңартылған спортзал аштық. Бұл біздің студенттер мен ПОҚ үшін кампус аумағында сапалы қызмет алудың жаңа мүмкіндігі. Сіздерге өркендеу және табыс тілеймін!», –деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев. Әріптестерімізді құттықтаймыз! Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Әрі қарай оқу
20 наурыз 2026
Біздің студенттер «ENU AI-Sana EXPO – 2.0» көрмесінде ЖИ шешімдерін ұсынды Kozybayev University
Біздің студенттер «ENU AI-Sana EXPO – 2.0» көрмесінде ЖИ шешімдерін ұсынды

Қозыбаев университеті  «ENU AI-Sana EXPO – 2.0» ЖИ -агенттер көрмесінде өзінің цифрлық өнімдерін ұсынды. Ауқымды іс-шара Астанадағы Digital Nauryz -2026 аясында өтті. Оған ҚР ҒЖБМ вице-министрі Динара Щеглова қатысты. Көрмеде жоғары оқу орнының ЖИ және цифрлық трансформация орталығының студенттері мен қызметкерлері әзірлеген 4 ЖИ-агенті ұсынылды: * inCampus- Қазақстан колледждері мен университеттерінде академиялық басқаруды толық автоматтандыруға арналған заманауи, көпфункционалды цифрлық экожүйе. Платформа бүкіл оқу процесін— кесте құру мен бағалау, жатақханаға тіркелу және студенттердің дауыс беруін қамтиды. Бұл әдіскерлер мен деканаттың әкімшілік жүктемесін азайтады, күнделікті стратегиялық жұмысқа назар аударуға мүмкіндік береді. Әзірлеуші: Даниял Абуов, AПO(DO)-22 тобының ИСТФ студенті. * Тарихи деректер негізінде күдікті шоттар мен мінез-құлық ауытқуларын автоматтандырылған түрде анықтауды қамтамасыз ететін банктер мен микроқаржы ұйымдарына  (МҚҰ) арналған интеллектуалды алаяқтыққа қарсы мониторинг жүйесі. Бұл ұйымдарға жасырын схемаларды, желілерді және  қаржылық мінез-құлық үлгілерін дәл анықтауға, жылдам шаралар қабылдауға және алаяқтық әрекеттің салдарын азайтуға көмектесетін құралды ұсынады. Әзірлеуші: Тимур Камараев, Аризона университетінің қос дипломдық бағдарламасының студенті, ИСУ (US)-23 тобы. * KU Time Tabler, интеллектуалды автоматтандырылған кесте жүйесі. Бұл жоба   оқытушылардың, студенттер және оқу бағдарламалары туралы деректерді бірыңғай, үздіксіз кестеге біріктіретін интеллектуалды алгоритмдік ядромен алмастырады. Негізгі мақсат - уақыт қақтығыстарын жоятын және кампус логистикасын барынша оңтайландыратын кесте құру үшін қатесіз және икемді орта құру. Әзірлеуші: Елнұр Аяған, Аризона университетінің қос дипломды студенті, ИСУ (US)-23 * KUtrack: Жобаларды бақылау және басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы. Бұл веб-қосымша тапсырмаларды тағайындауды, талаптарды бекітуді және тұрақты есеп беруді автоматтандырады, ақпарат ағындарын анық аналитикалық деректерге айналдырады. Жүйе басшылықты, жоба менеджерлерін және орындаушыларды бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді. Бұл әрбір бастаманың өмірлік циклін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. KUtrack жобасы екінші орын алды! Университетіміздің ЖИ және цифрлық трансформация орталығын құттықтаймыз!

Әрі қарай оқу
20 наурыз 2026
Студент Айдана Омарова Harvard Model Congress конференциясына тәлімгер ретінде қатысты Kozybayev University
Студент Айдана Омарова Harvard Model Congress конференциясына тәлімгер ретінде қатысты

Аризона университетінің «Биотехнология» қос дипломды бағдарламасының екінші курс студенті Айдана Омарова Гарвард университетінде өткен халықаралық конференцияға қазақстандық оқушылар делегациясы- Mansap Team командасының академиялық тәлімгері ретінде қатысты. 41-ші Harvard Model Congress АҚШ-тың Бостон қаласында өтті. Оған биыл шамамен 3000-ға жуық қатысушы жиналды. Бұл АҚШ Конгресінің жұмысын модельдейтін және Гарвард университетінің студенттері ұйымдастыратын әлемдегі ең ірі халықаралық көшбасшылық конференцияларының бірі. Конференция комитеттердің күнделікті сессияларын қамтитын төрт күндік бағдарлама форматында өтті.  Жұмыс барысында делегаттар қарарлар мен заң жобаларын әзірледі, келіссөздер жүргізді және дауыс беруге қатысты. Айдана мектеп оқушыларының делегациясын үйлестірді, медиа-қолдау көрсетумен айналысты. Республикалық пікірталас турнирлерінде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды . «Үздік спикер» марапатын иеленіп, HMC Kazakhstan'25 ұйымдастыруға қатысты. Бұл Mansap Team делегаттарын халықаралық деңгейде тиімді қолдауға мүмкіндік берді. Конференциядан кейін қатысушылар білім беру бағдарламасын жалғастырып, АҚШ-тың жетекші ЖОО-ға: Harvard University, MIT, Boston University және Tufts University-нің білім беру шеберлік сабақтарына қатысты. Harvard Model Congress Boston-дағы конференция біздің студентіміз үшін халықаралық академиялық көшбасшылықты дамыту саласындағы маңызды тәжірибе болды.

Әрі қарай оқу
19 наурыз 2026
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Университеттің заң клиникасындағы тегін заң көмегі

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ заң клиникасы қала тұрғындарына тегін заң көмегін көрсетеді. Кеңестерді «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен береді. Қабылдау дүйсенбі–жұма күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін мына мекенжайда жүргізіледі: Петропавл қ., Жұмабаев көшесі, 114, 224 каб. (ОК №6). Кеңес алу үшін онлайн-нысанды толтыра аласыз, law.clinic26@gmail.com электрондық поштасына өтініш жібере аласыз немесе Instagram арқылы хабарласа аласыз. Клиниканың жұмысы туралы толығырақ

Монолог М. Қозыбаев ат. СҚУ әскери кафедрасының бастығы, запастағы полковник Саржанов Рабирт Жәнібекұлының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Қызықты адамдар клубы» жобасы аясындағы «Отанды қорғау – азаматтың қасиетті борышы әрі абыройы» монологы

Қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында ұлттық қауіпсіздік, патриоттық тәрбие және азаматтардың жеке жауапкершілігі мәселелері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осы тұрғыда әскердің рөлі мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің қоғам өміріндегі орны туралы ашық әрі шынайы әңгіме ерекше маңызға ие. Саржанов Рабирт Жәнібекұлы өзінің кәсіби жолы туралы айтып, әскери мамандықты таңдауға не себеп болғанын, сондай-ақ бүгінгі күні жинақтаған білім мен тәжірибесін студенттерге жеткізуді не үшін маңызды деп санайтынын бөлісті. Рабирт Жәнібекұлы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті әскери кафедрасының қызметі туралы кеңірек тоқталып, кафедра оқытушылары мен студенттерінің тарихи жадыны сақтау және әскери тарихтың ұмыт қалған беттерін қайта жаңғыртудағы үлесі жайында баяндады. Кафедра бастығы студенттерді іріктеу қалай жүргізілетінін, қандай мамандықтар бойынша білім алатынын, әскери-техникалық мектептердегі даярлықтың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол әскери тәртіптің азаматтық жоғары оқу орнында да маңызды екенін атап өтіп, студенттер үшін практикалық дайындықтың қай элементтері ең күрделі болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, жастарды алаңдататын заманауи мәселелер де қарастырылды: барлық ер азаматтар әскери қызмет өткеруі тиіс пе, бүгінгі күні әскерде     әлімжеттік бар ма және оның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануда, қыздар әскери қызмет атқара ала ма, Қазақстан армиясындағы бір жылдық қызмет жеткілікті ме, кейбір жастар неге әскери қызметтен жалтарады және армия туралы қандай мифтер мен стереотиптер кең таралған. Рабирт Жәнібекұлы жастар мен жерлестеріне жүрекжарды үндеу жасап, өз еліне деген сүйіспеншіліктің, тарихқа құрметтің, өмірлік жолды саналы таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Отанға қызмет ету тек әскери борышты өтеумен шектелмей, күнделікті еңбек, игі істер және қоғамның дамуына қосқан үлес арқылы да жүзеге асатынын жеткізді. Монологты көру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Студенттерге арналған «Халықтану» білім беру лекториясы: «Армяндар» тақырыбында (қазақ тілінде)

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы студенттерді «Халықтану» білім беру лекториясына «Армяндар» тақырыбы бойынша (қазақ тілінде) қатысуға шақырады. Сіздерді №1 оқу корпусы, 115 аудиторияда сағат 14:50-де күтеміз.

Тағы көрсету
6525 білім алушылар
10 оқу
ғимараттары
138 білім беру
бағдарламалары
6 жатақханалар
400+ профессор-
оқытушылар құрамы