Мамыр айының басында Қозыбаев университетінің өкілдері Өзбекстандағы «Қазақстандық университеттердің білім көрмесі» кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты. Оған еліміздің 15-тен астам жоғары оқу орындары жиналды. Көрме Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі мен Қазақ ұлттық мәдени орталығы және жергілікті әкімдіктердің, «Отандастар» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Әріптестер жастарды Қазақстанда білім алу, соның ішінде этникалық қазақтар үшін мемлекеттік квоталар арқылы білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды.Шыршық, Зарафшан, Кенимех қалалары мен ауылдық округтерде көрмелер өткізілді. Барлығы 94 қазақ мектебінен 5400-ден астам оқушы қамтылды. 200-ден астам жеке кеңес берілді.
Студенттер мен олардың ата-аналарына гранттар, қабылдау талаптары, студенттік өмір және мансап мүмкіндіктері туралы айтылды. Бұл сапар Өзбекстандағы жастардың Қазақстанда білім алуға деген қызығушылықтарын көрсетті.