«Нұр Отан» партиясы «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлық тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсын өткізеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және арттыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы төмен мәдениеті, құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін жағымсыз факторлар, сыбайлас жемқорлықты түсінбеу аясын қалыптастыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың төмен деңгейі және оның алдын алу тиімсіздігі сияқты проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған.

Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралар конкурсын ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын айқындау мақсатында Конкурс туралы ереже әзірленді.

Конкурстың мақсаттары:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы карикатуралар салу арқылы халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мен құқықтық мәдениетін жоғарылату;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемаларын зерделеуге бағытталған шығармашылық қызметті ынталандыру;

- Қазақстан Республикасында іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау;

- заманауи қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемасына жастардың назарын аудару;

- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

а)  Конкурсқа сурет түріндегі конкурстық жұмыстар қабыладнады: қолдан салынған, компьютерлік графика (қажет болған жағдайда мәтіндік ашып жазуға және аталған тақырып бойынша басқа материалдарды қоса беруге болады);

б) карикатурада оны сипаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір білдіретін жазу-слоганы (әзіл, мазақ, ескерту) бар сурет болуы қажет ;

в) суретке автордың тегі, аты, әкесінің аты жазылуы тиіс;

г) суреттер саяси әдепті болуы қажет, мазмұнында дөрекі лексика немесе әрекет білінбеуі, зорлық-зомбылық сценалары, ұлтаралық және діни араздықты қоздыруға шақырулар, сондай-ақ бір персонаға (тұлғаға) қатысты болмауы қажет;

д) конкурстық жұмысты орындау кезінде әзілдің болуы қолдау табады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралар конкурсы туралы ережеің қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес беріледі.

Өтінімге келесілер қоса беріледі:

а) жұмыстың мазмұны мен техникалық сипаттамалары көрсетілген конкурстық жұмыстың қағаз тасымалдағышындағы қысқаша сипаттамасы;

б) Конкурс туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін конкурстық жұмыс.

Конкурсқа қатысушыдан электронды немесе қолдан жасалған нұсқалар қабылданады. Электронды нұсқасы 1:1 масштабында  және 300 dpi-дан кем емес кеңеюі болуы тиіс, JPEG/TIFF форматында жасалуы тиіс, қолмен жасалған жағдайда плакат А3 форматындағы парақта әзірленуі қажет. Плакатты жасауда қолданылған сурет пен компьютерлік графика міндетті түрде авторлық болуы тиіс.

Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды.

Конкурстық жұмыстар конкурс туралы жарияланған күннен бастап 2016 жылғы 10 қазанға дейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына (Петропавл қаласы, Абай көшесі 15, 2-қабат, 10-кабинет, Партиялық бақылау комиссиясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсы» белгісімен ұсынылады, байланыс телефоны: тел. (8-7152-36-92-34) ұсынылады.

Конкурстық жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлер пайдаланады:

- ұсынылған жұмыстардың байқау мақсаттарына барынша  толығымен сәйкес келуі;

- ұсынылған жұмыстардың жоғары кәсіби деңгейі (оңай қабылдануы, айқын тәсілдерді қолдану, екпіндерді нақты жасау);

- тұжырымдаманың ерекше болуы және шығармашылық мақсатқа жетудегі жаңашылдығы;

- конкурсқа ұсынылған жұмыстың тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндігі.

Конкурс жеңімпаздарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша конкурс қорытындыларын шығаратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия) анықтайды.

Комиссия конкурс қорытындыларын 2016 жылғы 26 қазанға дейін шығарады.

Жұмыс нәтижелері бойынша комиссия мүшелері дауыс беру жолымен жеңімпаздарды осы Конкурс туралы ережеде белгіленген критерийлерге сәйкес анықтайды.

Конкурстық комиссиясының мүшелері үш жүлдегерді анықтайды. Ақшалай сыйақы сомасы бірінші орын үшін 30 000 теңге, екінші орын үшін – 20 000 теңге, үшінші орын үшін – 10 000 теңгені құрайды.

Конкурс жүлдегерлері салтанатты түрде марапаттау үшін Партияның орталық аппаратына шақырылатын болады.

Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат қорытындылар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурс жеңімпаздарына жеткізіледі және «Нұр Отан» партиясының сайтына орналастырылады.

 

19.09.2016