ҚХА кафедрасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дәрістер өткізілді

Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасында 2016 жылдың 5-6 желтоқсан күндері ТжӘИ (ИЯ-16, ИЯ-16к, Ж-16к топтары) және ИТФ (МС-16, ТР-16 топтары) бірінші курс студенттеріне арналған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде «Мемлекеттік этносаясат: қағидаттар мен тәсілдері»/«Государственная этнополитика: принципы и подходы» дәрістері өткізілді.

Кафедра қызметкерлері (ҚХА каф. меңгерушісі Л.А. Гривенная және ҚХА каф. маманы А.С. Кадырменова) 25 жыл ішіндегі Қазақстанның негіз қалаушы жетістіктерінің бірі болып табылатын Қазақстан халқының этносаралық келісімі мен бірлігіне назар аударды.

Тәуелсіздік жылдар ішінде Қазақстанда әлемнің көптеген елдері үшін эталонға айналған этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімнің қайталанбас моделі құрастырылды. Этносаясаттың қазақстандық моделі этникалық көп түрлілікте, азаматтық бірдейлікті және қазақстандық патриотизмді нығайту кезіндегі барлық этностардың даралығында негізделген. "Бірлік көптүрлілікте" – бұл бүгінгі күннің шындығы болып табылатын және болашаққа ұмтылған еліміздің мақсатты саясатының формуласы.

Этносаралық қатынастар саласындағы тұрақты қалыпты жағдай кездейсоқ емес, ол ұзақ және өнімді жұмыс жемісі болып табылады. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының  тұрақты және серпінді кепілі бір-бірін өзара толықтыратын негізгі факторлар (Қазақстан халқы ассамблеясы түрінде өзінің практикалық іске асырылуын тапқан халықтың дұрыс ойлаушылығы және Ұлт көшбасшысының рөлі) болып табылады.

Қазақстан халқы ассамблеясы – стратегиялық міндеті қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығы болып табылатын бірыңғай халық органы. Ассамблеяның негізгі міндеттері этносаралық қатынастар саласындағы азаматтық қоғамы мемлекеттік органдарының және институттарының өзара тиімді әрекеттестігін қамтамасыз ету, қоғамдағы этносаралық келісім мен  толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін  нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша  қоғамдық келісімді тиімді қолдау және дамыту болып табылады.

Сонымен қатар, Ассамблея мемлекеттік органдарға қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көрсетілуіне қарсы тұруға, азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

ҚХА-дағы жаңашылдық – мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерінің үйлестіктегі қоғамдық келісімді нығайту бойынша мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың саясаттарының синтезі. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз етеді, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттерін, тілдері мен дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға көмек көрсетеді.

Көбінесе Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азаматтың этникалық немесе діни тиесілігіне қарамастан, Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандық толықтығын иеленіп пайдаланатын ерекше сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністік қалыптасты.

Этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясында еліміздегі мемлекеттік саясат бостандық идеалы, теңдік және келісімдік, қоғамның барлық мүшелерінің өзара сыйластығы және өзара қолдауы, Қазақстанды онда тұратын барлық азаматтар үшін ортақ үй ретінде құру мақсатынан бастау алады.

06.12.2016