ЮНЕСКО-ның Жапониямен бірлескен сыйақысы туралы

Ғылым комитеті ЮНЕСКО-ның Жапония Үкіметімен бірлескен жас зерттеушілерге арналған Кейзо Обучи жыл сайынғы сыйақысына өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы жариялағанын хабарлайды.

Аталған сыйақы қоршаған ортаны қорғау, мәдениетаралық диалог, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу саласындағы зерттеулерді ынталандыруға бағытталған.

Әрбір ел тек екі ресми номинацияны таныстыруға құқылы.

Байқаудың 2019 жылғы маусым мен 2021 жылғы ақпан аралығында  3 айдан 9 айға дейінгі мерзімде зерттеу жүргізуге әр лауреатқа 10000 АҚШ доллары көлеміне дейін ақшалай сыйақымен марапатталады.

Көрсетілген сома зерттеу жүргізілетін елге жол жүру және кері қайту, тұрғын үйді жалға алу және тұру (айына 1000-нан 1800 АҚШ долларына дейін) шығындарын төлеуге пайдаланылуы тиіс.

Зерттеу жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін стипендиаттар өз еліне оралып, оның нәтижелерімен және оны ЮНЕСКО-ның және Жапония Үкіметінің стипендиялық бағдарламасымен қаржыландыруын көрсете отырып, ғылыми жарияланымдар шығаруы, аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ олардың түйіндемелерін (көлемі 1 беттен аспайтын) енгізуі тиіс.

Үміткерлер а.ж. 1 қаңтарына 40 жастан аспауы, аяқталған магистрлік дәрежесі болуы, қазіргі уақытта өз елінде белсенді зерттеу қызметін жүргізуі, шетелде зерттеу бөлігін өткізуге дайын болуы (өз өңірі шеңберінде), шетелдік ғылыми немесе білім беру ұйымымен расталған ғылыми жетекшімен ынтымақтастық туралы уағдаластығы болуы тиіс. Өзге де тең жағдайларда әйел жынысты үміткерлер, Африканың немесе басқа континенттерден аз дамыған мемлекеттердің азаматтары және Жапонияда өз зерттеулерін жүргізуді қалайтын тұлғалар белгілі бір артықшылық алады.

ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес, өтінім тек ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия арқылы берілуі мүмкін, ол конкурсқа қатысуға неғұрлым мықты екі кандидатты іріктеп алуы тиіс.

Аталған Сыйақы бойынша нақты ақпарат қоса беріледі. Толтырылған өтінім нысандары мен басқа да қажетті құжаттар ЮНЕСКО-ға  келесі электронды мекен-жайға ұсынылуы тиіс: s.banchev@unesco.orgl.zas-friz@unesco.org.

Өтінім берудің соңғы мерзімі - 2018 жылғы 30 қараша.

Конкурс қорытындысы 2019 жылдың 10 мамырынан кешіктірілмей жарияланады.

English Announcement Letter Obuchi 2018

Guidelines to apply only English version

Information sheet English

06.11.2018
Научно-исследовательская служба