Университет студенттері арасында туберкулездің алдын алу мақсатында шара өтті

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  1-2 курс студенттерінің Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай денсаулық орталығы мен Фтизиопульмонология аймақтық орталығының дәрігерлерімен кездесу өткізді.

Диспансерлік бөлімінің менгерушісі Кенжегул Арипова «Туберкулез және оның алдын-алу» тақырыбында дәріс оқыды. Студенттерге бұл аурудың бастапқы кезеңінде анықтау қиын екенін айтты. Сонымен қатар, дәрігерге уақтылы бару, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, қалпына келу мүмкіндігі және инфекцияның таралуын болдырмау шаралар жайлы да айтылды. Сондықтан алдын-алу ерекше орын алады, атап айтқанда: спортпен шұғылдану, қатаю, дұрыс тамақтану, суық тиюді емдеу, жаман әдеттерден арылу және үнемі медициналық тексерулер.

Сонымен, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ денсаулық пунктінің дәрігері Салтанат Сақтағанованың айтуынша, студенттер мен қызметкерлер жылына бір рет міндетті флюорографиялық тексеруден өтеді. Университетте студенттермен профилактикалық әңгімелер, дәрігерлермен, туберкулез бойынша мамандармен, пульмонологтармен және денсаулық сақтау мамандарымен кездесулер үнемі ұйымдастырылып тұрады.

13.03.2020