7M01901 Дефектология

Педагогикалық факультеті → "Педагогика және психология" кафедрасы

Академиялық дәреже:

  • профильді бағыт бойынша - 7M01901 «Дефектология» мамандығы бойынша білім магистрі;
  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша -  7M01901 «Дефектология» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі;

Кәсіби қызмет саласы:

  • ғылыми-педагогикалық: арнайы педагогиканың ғылыми-зерттеу институттарындағы зерттеушілік қызметі; психологиялық-педагогикалық кеңестердегі диагностикалық қызмет; ЖОО-ы мен ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік басқару ұйымдары
  • профильді: арнайы білім мекемесіндегі, орташа кәсіби және жоғарғы оқу мекемелеріндегі оқу процессі

Кәсіби қызмет объектілері:

  • мектепке дейінгі білім ұйымы;
  • бастауыш, негізгі орташа және жалпы орташа білім ұйымдары;
  • арнайы білім ұйымы;
  • орташа кәсіби білім ұйымы;
  • жоғарғы оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары;
  • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

Кәсіби қызмет түрлері: 6М010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесідей түрлерін орындай алады:

  • педагогикалық-түзеу;
  • диагностикалық-консультациялық және профилактикалық;
  • ғылыми-зерттеушілік;
  • оқытушылық;
  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • мәдени-ағартушылық.

Кәсіби қызметтің мазмұны:

  • инновациялық технологогияларды қолдану арқылы ерекше білім қажеттіліктері бар адамдардың интеграциясы мен әлеуметтік адаптациясы, реабилитация, абилитация, сапалы ұйым және білім процессін басқару.
  • түзету-білім процессін тиімді қылу мақсатымен инновациялық технологияларды қолдану;
  • ерекше білім қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік-орта шарттарын тиімді ету;
  • кәсіби және жеке өздігінен білім алуды жүзеге асыру, әры қарай білім бағыты мен кәсіби мансапты жобалау, тәжірибелік-сынау жұмыстарына қатысу.