5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Педагогикалық факультетіБастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

 

Академиялық дәрежесі: 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдірі және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері) болып табылады.

Кәсіби қызмет пәні: жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысында педагогикалық процесті ұйымдастыру және білім беру мекемелерінің әдістемелік жұмысы жағдайында Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • диагностикалық (оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу);
  • ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру);
  • педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менежменті);
  • жобалау (бастауыш мектептегі білім беру моделдеу );
  • ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірбиені зерттеу, рефлексия) болып табылады.

Кәсіби қызмет мазмұны:

Оқу-тәрбие процесін педагогика ғылымы мен практикасы талаптары деңгейінде ұйымдастыруды, оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуді, білім беру мекемелерімен, сондай-ақ мектептен тыс білім беру және тәрбиелеу мекемелерімен байланысты, әріптестерімен ғылыми және әдістемелік қатынасты қамтиды.

5В010200 –Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының оқу нәтижелері

5В010200 –Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.