Этномәдени зерттеулер орталығы

Этномәдени зерттеулер орталығы (ЭЗО, жетекшісі З.С. Тайшибай., ф.ғ.к).Орталықтың ғылыми қызметі төмендегі бағытта жүргізіледі:

  • «Мәдени мұра» Республикалық бағдарламасы аумағында тарих, этнография, өлке мәдениеті саласында зерттеулер жүргізіп, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін баспаға дайындау;
  • Этномәдени зерттеулер негізінде тарих және этнография, Қазақстан этнологиясы, қазақ әдебиеті тарихы бойынша оқу, оқу-әдістемелік құралдарды жасау және жүйелі түрде баспадан шығару.

ЭЗО мына бағыттар бойынша зерттеулер жүргізілген: Мағжан Жұмабаев және Солтүстік Қазақстандағы ағартушылық және мәдени ошақтардың пайда болуының мәселелері (1920-1922 ж.); Солтүстік Қазақстандағы қазақтілді баспаның тарихы (1888-1940 ж.); ХІХ ғасырдағы орыстілді баспаның қазақ қоғамындағы орны. Ғылыми зерттеудің қорытындылары бойынша төмендегі кітаптар жарық көрді: «Жизнь и деятельность Абылай хана»; «Қазақтың ханы – Абылай» екі томдығы (өмірі, қызметі, кезеңі); «Мағжанның Кызылжары»; «Современные актуальные проблемы абаеведения»; «Абайтану арнасында» монографиясы; «Атамекеннің атаулары»; «Творчество М.Кангожина»; «Жұлдыз» және Қазақстандағы әдебиет үрдісі (1950-1960 гг.). Қазақтың ұлы композиторы Мәдидің өмірін зерттеу жұмысы жүріп жатыр.