Лауазымға қойылатын талаптар - Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
- ЖООББ жұмыс жоспарын құру;
- күндізгі оқу бөлімінің, магистратура мен докторантураның, қосымша семестрдің, жеке оқытудың, дайындық факультетінің, оқу жетістіктерін сырттай бағалау тренингтерінің кестесін құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- кесте жасау үшін кафедралардан келіп түскен өтінімдерді уақтылы тапсыруды есепке алу мен бақылауды жүргізу;
- ҚР БҒМ бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқаулықтарының, университеттің Ғылыми кеңесінің, ректораттың оқу процесін қамтамасыз ету және өткізу мәселелері жөніндегі шешімдерінің орындалуын және басқа да міндеттерді бақылау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет.
Телефон: 8 (7152) 369468.