5В010800 Дене шынықтыру және спорт

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетіСпорт пәндері және әскери тәрбие кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру, дене тәрбиесі, спорт (бұқаралық спорт түрлері, балалар мен жасөспірімдер спорты, параолимпиадалық спорт).

Кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері (мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі оқу орындары), балалар спорт мектептері мен клубтары; мемлекеттік мекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері: білімдік (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, эксперименттік-зерттеу, ұйымдастыру-технологиялық, жаттықтырушылық (спорттық), оқу-тәрбиелік.

Кәсіби қызметінің мазмұны:  

  • педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару;
  • білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары;
  • білім берудің тұлғалық маңыздылылығы;
  • оның өзін-өзі ашуына және өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау;
  • түрлі педагогикалық технологияларды қолдану;
  • білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау;
  • педагогикалық қызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, дене шынықтыру және спорт бойынша білім берудің қазіргі талаптары және объективті заңдылықтары ескертілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау.