5В011000 Физика

Ақпараттық технологиялар факультетіФизика кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5В011000 «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: 5В011000 «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры білім беру мекемелерінде өз кәсіптік қызметін жүзеге асырады.

Кәсіби қызмет обьектілері:

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері;  
  • мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар. 

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру;
  • ғылыми-зерттеу; 
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық; 
  • әлеуметтік-педагогикалық; 
  • оқу-тәрбиелік; 
  • оқу-технологиялық. 

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім берудің маңыздылығы, барлық білім беру үрдістерін білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін-өзі даму және өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау,
  • түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өздігінен білім алуына және кәсіби бағдарына жағымды жағдай жасау, педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру.

5В011000 "Физика" мамандығының оқу нәтижелері 

5В011000 "Физика" мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013 ж.