5В011100 Информатика

Ақпараттық технологиялар факультеті → "Математика және информатика" кафедрасы

  • Результаты обучения
  • Учебный план
  • Матрица целей
  • Модульный справочник
  • Кадровый справочник
  •  


    Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

    Академиялық дәрежесі: 5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

    Кәсіби қызмет саласы: білім беру мен жалпы білім беретін ұйымдарда, білім беру мекемелерінде балалар мен үйренуші жастарды дамыту; ғылым, ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

    Кәсіби қызмет обьектілері:

    • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері, білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары, мектеп, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар;
    • информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
    • басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім беру департаменттері;
    • өз жұмысында қолданбалы математикалық әдістерді және компьютерлік технологияларды пайданалатын жеке меншіктің әр түрлі ұйымдары.

    Кәсіби қызмет түрлері:

    • әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруі үшін, тәрбиелеу мен дамыту үшін жағымды жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;
    • білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқу үрдісі мен тәрбиелеуді ұйымдастыру; педагогикалық үрдісті жобалау және басқару, педагогикалық әрекеттің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжам жасау;
    • ғылыми-зерттеу – қолданбалы математика, информатика, педагогика, психология мен оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
    • ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, қорыту және тарату;
    • мәдени-ағартушылық – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпраттандыру, мультимедиялық білім беру саласында үйренуші жастардың бос уақытын мәдени ұйымдастыру, ақпраттық қауіпсіздік пен ақпараттық мәдениет саласындағы ағартушылық жұмыстың бағдарламаларын, әдістеме мен технологияларын құрастыру;
    • өндірістік-технологиялық – ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолдану негізінде технологиялық үрдісті ұйымдастыру және басқару.

    Кәсіби қызмет мазмұны:

    Білім беру саласында: білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру және басқару, танымдық әрекет тәсілдерін, білімнің тұлғалық маңызын игеруде оқушының белсенділігін бағдарлау, сонымен қатар оқушының тұлғасына бағыттап оқыту, оның өзіндігінен дамуын қамтамасыз ету, өзін-өзі жүзеге асыру, оқыту мен тәрбиелеудің түрлі технологияларын қолдану, олардың басты мақсаты – дарынды және қабілетті балаларды шығармашылық жұмысқа баулу, өзін-өзі оқыту ен оқушылардың кәсіби бағдарлануына жағымды жағдай жасау;

    Зерттеудің басқа салаларында: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды зерттеу, жоюбалау, енгізу және қолдану, ҚР ұлттық мүддесі үшін аймақтың даму ерекшеліктерін ескере отырып, әрекет түрлі саласында ақпараттық үлгілерді жасау.

    5В011100 "Информатика" мамандығының оқу нәтижелері

    5В011100 "Информатика" мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013 ж.