5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тарих, экономика және құқық факультетіЭкономика және есеп кафедрасы

Мамандық туралы презентация

Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Академиялық дәреже: 5В051000 «Мемелекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, экономика мемлекеттік саласы, мекемені тиімді басқарумен қамсыздандыру, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін ұйымдастыруға және қызметіне ат салысу, басқаруды әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларына сай жетілдіру.

Кәсіби қызмет нысаны: мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі мекемелер мен бөлімшелер, қоғамның экономикалықб саяси, ұйымдастыру және әлеуметтік өмірінің рәсімдері, мемлекетті, оның аудандық және муниципалды білімін дамыту және қызметін жжоспарлау мәселелері, адам және қоғам арасындағы байланыс мәселелері.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • экономикалық;
  • координациялық;
  • қосымша беру;
  • аналитикалық;
  • жобалау.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • ұйымдастыру-технологиялық (мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, нақты мекемелерде басқару технологияларын құру және қолдану, сонымен қатар басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-басқару негізін құруға ат салысу, стратегиялық және тактикалықжоспарлау, менеджменттің тиімді әдістерін, ережелерін жәнерәсімдерін құру және қолдану);
  • өндірістік-басқару (халық шаруашылығын,оның салаларын және аудандарын тиімді басқару жүйесін құрастыру; тәжірибе жүзінде басқарудың барлық белгілі ұстанымдарын ұстану және оның ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-басқару негізін қолдану; мемлекеттің экономикалық стратегиясын, экономика салаларын және аудандарын құру, стратегиялық жоспары, басқару субъектілерінің ағымдағы қызметтерін жоспарлау және олардың орындалуына анализ жасау, т.б.);
  • жобалау (жобалауды ұйымдастыру, жобаларды техникалық-экономикалық жағынан қисынын келтіру);
  • жоғары оқу орындарының зерттеу бағдарламалары және ғылыми-зерттеу институттарының зерттеу топтарына сай құрамы, өндірістік кәсіпорындар, корпорациялар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары (экономика, мекеме, басқару облысында ғылыми ынтымақтастықтың халықаралық бағдарламаларына ерекше мән беріледі);
  • оқу немесе педагогикалық (орта және орта кәсіби білім мекемелерінде кәсіби қызмет).

5В051000 «Мемелекеттік және жергілікті басқару» мамандығының оқу нәтижелері

5В051000 «Мемелекеттік және жергілікті басқару» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.